Меню

Страницы

Статья

Негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

Күнтізбелік жоспар(жүктеу)

Алматы облысының

аумақтық сайлау комиссиясының

2024 жылғы 11 қазандағы

№ 46 қаулысына қосымша

 

 

2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған

 № 3 және № 15 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша

Алматы облыстық мәслихатының  шығып қалған мәслихат депутатарының

орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1.Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып,  тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

(14-б. 6-тт., 22-б.)

2.Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей,

2024 жылғы 21 қазаннан кешіктірмей

 (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)

3.Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Тиісті әкімдер

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

                                                                                   (23-б. 5-т.)

4.Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде,

2024 жылғы 26 қазаннан кешіктірмей

 (17-б. 2-т.)

5.Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті Округтік сайлау комиссияларына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну

 

 

 

Саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) және азаматтар өзін-өзі ұсыну жолымен

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 8 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (103-б.)

6.Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(102-б., 103-б. 6-т.)

7.Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну

 

Кандидат және оның зайыбы (жұбайы)

Тіркелгенге дейін

(104-б. 2-т.)

8.Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

2024 жылғы 11 қазанда басталады және 13 қарашада  жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (104-б)

9.Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде

 (104-б. 5-т.)

10.Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей

                                              (16-1 б. 6-тт., 104-б. 6-1-т. 1-тт.)

11.Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін

(16-1-б, 6-тт., 31-б.)

12.Кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

                                                                               (104-б. 2-т.)

13.Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу (жүгінген кезде)

 

Сайлау комиссиясы

Кандидат тіркелгеннен кейін 

                                                                               (34-б. 6-т.)

14.Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау                              

 

Тиісті сайлау комиссиялары

Айына екі рет

Қағиданың 23-т.

15.Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті сайлау комиссиялары

Үгіт басталғанға дейін, 2024 жылғы 13 қарашаға дейін

(28-б. 6-т.)

16.Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

2024 жылғы 13 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00 -ден кейін басталады және 7 желтоқсанда  жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

 (27-б. 2-т.)

17.Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және тиісті сайлау комиссиялары

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

18.Әрбір сайлау учаскесі бойынша  әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну                                                   

 

Тиісті әкімдер

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,

2024 жылғы 17 қараша

 (26-1 б. 1-т.)

19.Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда,

2024 жылғы 22 қарашадан бастап

                                                                        (26-б. 1-т.)

20.Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                            

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей

2024 жылғы 27 қарашаға дейін

   (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)

21.Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс беруді бастау мен аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Сайлау күніне дейінгі он күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 27 қарашаға дейін

 (38-б. 1-т., 3-т.)

22.Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                          

 

Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары

Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей

2024 жылғы 5 желтоқсаннан ерте емес және 7 желтоқсаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

23.Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау           

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе, 

2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)

24.Дауыс беруді өткізу                                              

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні, егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе, 2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

25.Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау                                   

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, 2024 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспайды

(18-б. 8) т., 43-б.)

26.Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу 

                                                                           (43-б. 8-т.)

27.Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну    

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(108-б. 1-т.)

28.Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

 (108-б. 1-т.)

29.Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындыларын анықтау

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей,

2024 жылғы 9 желтоқсаннан кешіктірмей

(14-б. 9) т., 44-б. 2- т., 108-б. 2-т.)

30.Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

2024 жылғы 14 желтоқсаннан кешіктірмей

 (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.)

31.Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру                                          

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)

32.Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде

                                                                             (34-б. 4-т.)

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының, Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларының (ҚР ОСК 1999 жылғы 7 тамыздағы №19/222 қаулысы) нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
11 октября 2024
Дата обновления
11 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы