Меню

Страницы

Статья

Жұқпалы емес аурулардың алдын алу

Жұқпалы емес аурулардың алдын алу мемлекеттің, қоғамның және кәсіби медициналық қауымдастықтың барлық секторларының бірлескен қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Созылмалы аурулар деп те аталатын жұқпалы емес аурулар, әдетте ұзаққа созылады және генетикалық, физиологиялық, экологиялық және мінез-құлық факторларының жиынтығынан туындайды.

Жұқпалы емес аурулардың негізгі түрлеріне жүрек-қан тамырлары аурулары (мысалы, гипертония, инфаркт және инсульт), қатерлі ісік, созылмалы респираторлық аурулар (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы және демікпе сияқты) және қант диабеті жатады.

Салауатты өмір салтын ұстанбау және халықтың қартаюы сияқты факторлар бұл аурулардың дамуына ықпал етеді. Дұрыс тамақтанбаудың және физикалық белсенділіктің болмауының салдары адамдарда жоғары қан қысымы, қандағы глюкозаның жоғарылауы, қандағы липидтердің жоғарылауы және семіздікке әкелуі мүмкін.  

Жұқпалы емес аурулармен күресудің маңызды әдісі осы аурулардың дамуы үшін қауіп факторларының әсерін азайту бойынша мақсатты күш-жігер болып табылады. Ауруды ерте кезеңде анықтау үшін скринингтен өту. Салауатты өмір салтын ұстана отырып, әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасауы керек.

Жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруды арттыру мақсатында облыстың 2 мыңнан астам тұрғынын қамтыған 36 түрлі іс-шара өткізілді. 25290 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылып, оның ішінде қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу бойынша үнпарақ – 22400, онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша буклет – 2850 дана.

Қоғамдық орындардағы ЛЭД-экран арқылы инсульттің алдын алу бойынша бейне ролик көрсетілді.

Жатыр мойны обырының алдын алу бойынша 10 билборд орналастырылды.

 

 

 

 

Дата публикации
10 октября 2024
Дата обновления
10 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы