Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың жұмысы бойынша 8 ай қорытындысы бойынша анықтама

Облысымызда кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 ай қорытындысы бойынша облыс аумағында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 20%-ке (яғни 70-ден 56-ға дейін) төмендеді.

Облыс бойынша ағымдағы жылы 200 отырыста 306 мәселе қаралып, нәтижесі бойынша 521 тапсырма, 137 ұсыным берілген. Барлығы 11 көшпелі отырыс өткізілді. Кәмелетке толмағандарға қатысты 42 іс сотқа жолданып, оның 8 ісі әр түрлі себептерге байланысты соттан кері қайтарылған.

Анықтама: облыста – 5 (16 мәселе, 80 тапсырма), Балқаш ауданында – 27 (27 мәселе, 54 тапсырма, 27 ұсыным), Еңбекшіқазақ ауданында – 17 (17 мәселе,  32 тапсырма), Жамбыл ауданында – 23 (27 мәселе, 94 тапсырма, 3 ұсыным), Іле ауданында – 16 (28 мәселе, 28 тапсырма), Талғар ауданында – 24 (38 мәселе,  34 тапсырма, 4 ұсыным), Қарасай ауданында – 12 (11 мәселе, 10 тапсырма, 1 ұсыным), Ұйғыр ауданында – 21 (57 мәселе, 41 тапсырма, 39 ұсыным), Кеген ауданында – 16 (17 мәселе, 60 тапсырма, 11 ұсыным), Райымбек ауданында –19 (33 мәселе, 46 тапсырма, 8 ұсыным), Қонаев қаласында – 16 (35 мәселе, 42 тапсырма, 15 ұсыным) отырыс өткізілген.

Облыста – 1 , Ұйғыр - 5, Балқаш, Кеген аудандарында – 2, Еңбекшіқазақ ауданы – 1 көшпелі отырыстан өткізілді.

Қонаев қаласы – 13 (7 іс соттан қайтарылған), Талғар ауданы – 10  (1 іс соттан қайтарылған), Еңбекшіқазақ, Іле аудандары – 8, Жамбыл ауданы – 2,Қарасай – 1 істі сотқа жолдаған.

Отырыстардың қорытындылары бойынша хаттамалар ағымдағы жылдың 16-ақпан күні шығыс №-16/556-И, 15-сәуір күні шығыс №07-16/1253-И, 4-маусым күні шығыс №07-16/1804-И хатымен, сонымен қатар аталған хаттамалық тапсырмалардың орындалуына талдау жасалып, қорытындысы бойынша қызметтік хаттар 3-сәуірде шығыс №07-16/1078-И,  4-мамырда шығыс №07-16/1489, 6-маусымда шығыс №07-16/1830-И,  5-тамызда шығыс №02-16/2543-И хаттарымен мерзімінде орындау үшін жолданды. 

Өкінішке орай, атқарылып жатқан іс шараларға қарамастан кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар  68,1%-ке (2023ж-138, 2024ж-232), жыныстық тиіспеушіліктеріне қарсы       

95 қылмыс тіркеліп, 58,3%-ке (2023ж-60) өскенін көрсетіп отыр.

Анықтама: аталған қылмыстардың ішінде 28 зорлау (2023-15), 37 жыныстық зорлық-зомбылық фактілері (2023 15), 20-16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас фактілері (2023-20) және балаларды бүлдірудің 10 фактісі (2023-10).

Жыныстық тәрбие беру бойынша Денсаулық сақтау органдарының мамандарын тарта отырып, жалпы білім беретін оқу орындарында кәмелетке толмағандарға 680-ге жуық дәріс өткізілді.

Облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында аяқталған суицидтің 17 фактісі (2023 16) және суицидтің 13 әрекеті (2023 6) тіркелді.

Анықтама: Қарасай ауданы – 5, Жамбыл, Талғар аудандары – 3, Іле, Ұйғыр аудандары – 2, Еңбекшіқазақ ауданы мен Қонаев қалаларында – 1 суицид фактілері тіркелген. Суицидке ұмтылу фактілері: Жамбыл, Іле аудандарында – 3, Балқаш, Талғар аудандарында – 2, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласында                  

 – 1.

 Осыған орай, онлайн режимде жұмыс жасайтын «Ата-аналар университеті» жобасы іске қосылуына байланысты облыс әкімдігі жанындағы комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес аудандарда ата-аналарды аталған жобамен таныстыру мақсатында кездесулер өткізді.

Анықтама: Балқаш ауданында – 180, Еңбекшіқазақ ауданында – 240, Жамбыл ауданында – 340, Кеген ауданында – 196,  Қарасай ауданында – 350, Талғар ауданында – 60, Ұйғыр ауданында – 60, Іле ауданында – 240, Райымбек ауданында – 250 ата-ана қатысты. 

Сондай-ақ, балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу, олардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі 2024 жылға арналған жоспары бекітіліп, комиссия Еңбекшіқазақ ауданындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қарауына алған отбасылық үлгідегі балалар үйлерін аралады.

Қарасай ауданында «Адам иммундық тапшылық вирусының алдын алу», «Білу және қорықпау» тақырыбында он күндік өткізіп, Ұйғыр ауданында мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау мақсатында қолөнер бұйымдарының көрмесін өткізді. Бекітілген іс-шаралар жылдың соңына дейін жалғасын табатын болады.

Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған қылмыстар

 

Дата публикации
03 октября 2024
Дата обновления
03 октября 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы