Облыс әкімдігімен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың қанағаттану деңгейін арттыру, оның ішінде қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс әкімдігінің бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, мемлекеттік және қосалқы қызметтердің 277 түрін көрсетеді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне облыс бойынша 6 млнға жуық қызмет көрсетілді (2023 ж. 1 шілдесіне – 5 588 055).
2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны 7%-ға өскен.
Мемлекеттік қызметтердің 91% денсаулық сақтау, 2% ветеринария, 2% білім беру басқармаларына тиесілі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі олардың көрсетілуін бақылау болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 107 бақылау іс-шаралары өткізілді.
Бақылау іс-шаралары барысында 826 бұзушылық (2023 І жартыжылдық – 445) анықталып, нәтижесінде 20 лауазымды (2023 І жартыжылдық – 9) тұлға тәртіптік жазаға тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген іс – шаралардың жалпы саны 1454 құрады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 54 қызметкер өтті.
Мемлекеттік қызметтер мониторингі барысында 62 ұсыныс берілді.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға өзгерістер енгізілуіне байланысты, мемлекеттік қызметтер көрсету есептілігі мен ішкі бақылау іс-шараларын жүргізу толығымен «Е-қызмет» ақпараттық жүйесіне көшірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына ішкі бақылау жүргізу тәртібіне енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік бақылау субъектілері ішкі бақылау қызметінің қызметкерлері мемлекеттік қызметтер көрсету және олардың мониторингі жөніндегі ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі қамтамасыз етілді.