Меню

Страницы

Статья

Алматы облысындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы ақпарат

          Алматы облысында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік ВАК облыс әкімдігінің 2024 жылғы 29 ақпан №83 қаулысымен тиісті өзгерістер енгізілді, оған комиссия туралы ереже, оның құрамы және облыстық мәслихатпен бекітілді.    

          Облыс әкімі 2024 жылғы 16 қаңтарда Алматы облысында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.

          Комиссия отырыстары аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктерді конференц-байланыс режимінде міндетті түрде қосумен тұрақты өткізіледі.

          Комиссияның жұмыс органы қылмыстардың ауырлық түрлері мен санаттары бойынша өсу динамикасын көрсете отырып өңірдің криминогендік жағдайына тұрақты негізде талдау жүргізеді.

          Ай сайын аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктеріне айдың қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы мәліметтер жіберіледі.

                Осыған орай, аудандар мен  Қонаев  қаласында жасалған қылмыстарға    және құқықбұзушыларға талдау жасап, құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың отырысында қарастырылады.

          Жұмысты ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер облыстың Ведомствоаралық комиссиясының отырыстарында қаралады.

          2024 жылдың 2 тоқсанның қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстары өткізіліп, 9 мәселе қаралып, 53 хаттамалық тапсырмалар шығарумен  аудан және қала әкімдіктеріне, сондай-ақ облыстың жауапты мемлекеттік органдарына орындауға жіберіліп, хаттамалық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда.

          Есепті кезеңде облыс бойынша 22 (облыстық – 2), (аудандық – 20), облыстық және аудандық комиссиялардың отырыстары өткізілді (облыстық комиссия бойынша – 9 мәселе қаралды, онда 53 тапсырма қабылданды, – 30 тапсырма орындалып – 23 тапсырма орындалуда, аудандық комиссиялар бойынша - 79 мәселе қаралды, 291 тапсырма қабылданып, – 202 тапсырма орындалып – 89  тапсырма орындалуда.

          Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша Алматы облысы бойынша 7,6% - ға (6872-ден 7393-ке дейін), оның ішінде шағын, орташа ауырлықтағы саны -6,6% - ға (3636-дан 3876-ға дейін) өсті. алайда ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 7,7% - ға (1875-тен 1731-ге дейін) төмендеді.

          Жалпы облыс бойынша қылмыстың барлық желілері бойынша өсім Балқашта 52,0% - ға (50-ден 76-ға дейін), Еңбекшіқазақта 24,4% - ға                         (1001-ден 1245-ке дейін), Жамбылда 18,2% - ға (583-тен 689-ға дейін),                      Қарасай аудандарында 24,9% - ға (1777-ден 2220-ға дейін) өсті.

 

Полицияның кешенді күштерінің шығуы қайта қаралды, орташа тәулік сайын қоғамдық тәртіпті қорғауға 227 маршрутта патрульдеуді жүзеге асыратын 609 полиция қызметкері шығады. Егер бұрын патрульдеу «квадрат» әдісімен жүргізілсе, қазір олар аула аумағын қамтитын «синусоид» әдісіне қайта бағытталды.

Қазіргі қазақстандық полицияның сервистік моделіне көшуі азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталған.

«Полицияның қадамдық қолжетімділігі» қағидатын іске асыру мақсатында халыққа қызмет көрсетудің 3 деңгейлі моделі әзірленіп, қоғамдық орындарында 18 модульдік бекет орнатылды.

Белгіленген стационарлық полиция бекеттерінің жақын маңдағы аумақтарында тұратын тұрғындардың пікіріне Мониторинг жүргізу олардың тарапынан оң пікірді куәландырады, олар полицияға жедел жүгіну мүмкіндігін, қолжетімділігі мен ашықтығын атап өтеді.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстардың саны өсіп отыр                   (+7,9%, 1599-дан 1725-ке дейін), оның ішінде көшелерде (+4,2%, 756-дан 788-ге дейін), мас күйінде (+ 24,8%, 322-ден 402-ге дейін).

Құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейту мақсатында алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде 127 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды (2023 жылы - 43).

Ағымдағы жылы облыста салық органдары 822 тұлғаға алкоголь өнімдерін сатуға лицензия беруден бас тартса, заңнаманы бұзғаны үшін 274 лицензияның күшін жойған.    

Сондай-ақ, тұрғын үйлердің аулаларында және адамдар көп жиналатын орындарда бейнебақылау камераларының санын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде қоғамдық орындарында 3026 бейнебақылау камерасы орнатылған.

Тұрғын үйлердің кіреберістеріне – 449, аулаларда – 1325, көшелердің желілік учаскелерінде және қиылыстарда – 1063, саябақтар мен жағажайда – 81, елді мекендердің шыға берістері мен кіре берістерінде – 62, стадиондар мен спорттық ғимараттарда – 46.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында                                (26 млрд. теңгеге) 9 400 бейнебақылау камерасын, оның ішінде
325 аппараттық-бағдарламалық кешенді орнату жоспарлануда.    

Сондай-ақ, облыс әкімдігі тарапынан құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы 17 млн. теңге (2023 ж. - 3 млн.тг.),                              14 млн. теңге үгіт-насихат жұмыстарына 400-ге жуық билбордтар мен                  27 лед-экранда материалдар жарияланды, 20 мың брошюра таратылды,                   оның ішінде 3 млн. теңге қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу үшін бөлінді 1 қыркүйекке 54 азаматқа 2 млн. теңге қаржы төленді (2023ж. 94 азаматқа 3 млн. теңге).

 

 

Облыста қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шараларына 855 азамат тартылған  219 қоғамдық құрылым бар.

Сондай-ақ, тұрғындарды спортқа баулу мақсатында аудан, қалаларда 15 ірі стадион, 1706 кешенді спорт алаңы қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы 5 спорт кешені пайдалануға беріліп, 3 спорт кешені салынуда (Райымбек, Еңбекшіқазақ және Ұйғыр аудандарында).

Бүгінде 68 мыңнан астам жастар мен жасөспірімдер спортпен шұғылданады.

Жастарға, оның ішінде NEET санатындағы жастарға (27 064 адам)     жан-жақты қолдау шаралары көрсетіледі. 35 жасқа дейінгі жастар қатарынан 7 319 адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 4320 адам. Бұл жұмысқа орналастырылған жастардың жалпы санының 59%-ін құрайды. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға - 1181 адам жолданса, шағын және орта бизнестің жеке бастамалары аясында 2491 адам өз кәсібін ашқан.

Облыста кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 айдың қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 20%-ке (70-тен 56-ға дейін) төмендеді.

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялары ағымдағы жылы 200 отырыста 306 мәселені қарап, нәтижесі бойынша 521 тапсырма, 137 ұсыным берді. Барлығы 11 көшпелі отырыс өткізді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты 42 істі сотқа жолдады.

Жыныстық тәрбие беру бойынша денсаулық сақтау органдарының мамандарын тарта отырып, жалпы білім беретін оқу орындарында кәмелетке толмағандарға 680 дәріс өткізіліп, 38649 адам қамтылды.

 Жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында 350-ден астам рейдтік іс-шаралар өткізілді.

Көңіл көтеретін орындар мен көшелерде рейдтік «Мектеп,көше, жанұя», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» атты іс-шаралар өткізілді.  

Осы іс-шаралардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың алдын алуға әсер ететін 5400 құқық бұзушылық анықталып, жауапты тұлғаларға әкімшілік айыппұлдар салынды (2023ж – 4798).

Онлайн режимде жұмыс жасайтын «Ата-аналар университеті» жобасы іске қосылды. Ата-аналарды аталған жобамен таныстыру жұмыстары жүргізіліп, барлығы 1916 ата-ана қамтылды.

Сонымен қатар, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында ағымдағы жылы 3 акция өткізілді.  Акцияға барлығы 9282 кәмелетке толмаған қатысты. Өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерге салынды.

 

 

 

Сондай-ақ, облыстық прокуратурамен бірлесіп «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» бағдарламасы енгізіліп, өткізілуде. Нәтижесінде әр түрлі санаттағы 3041 отбасы араланды. 

655 отбасына материалдық көмек көрсетіліп, кәмелетке толмаған 2478 бала медициналық тексеруден өтіп, оның 62-сі емдеу шараларымен қамтылды. Әлеуметтік төлемдерді алу үшін 98 отбасына жәрдем берілді. Үй кезегіне 187 кәмелетке толмаған қойылып, оның 11-іне баспана берілді.

Сонымен қатар, балалардың қатысуымен барлығы 508 іс-шара өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында 50 материал жарияланды.

Аталған бағдарлама аясында құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға қатысты  45 қылмыстық, 267 әкімшілік іс қозғалды.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша - Полиция департаменті облыстағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады және оның іске асырылу барысы ерекше бақылауда.

Алматы облысының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 12 271 шақырымды құрайды (оның ішінде: Республикалық маңызы бар – 1 809 шқ, облыстық маңызы бар – 3 370 шқ, аудандық маңызы бар – 496 шқ, ауыл іші көшелері - 6 596 шқ).

Мемлекет басшысының Жолдауында 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы көрсеткішін кемінде 95%-ға жеткізу қажет делінген.

2024 жылдың 8 айында 1 725 жол көлік оқиғалары орын алды (212 адам қайтыс болды, 2290 адам әр-түрлі дене  жарақатын алды), 2023 жылмен салыстырғанда – 108,8% өскен. (2023 ж – 731 ЖКО). 

Тіркелген 1725 жол көлік оқиғасының ішінде  жаяу жүргіншілердің қатысуымен 694 жол көлік оқиғалары орын алған (-126,8%, 2023ж-306), оның ішінде 73-сі қаза болған (-9,0%, 2023ж-67), 668-і жарақат алған (-155,9%, 2023ж-261). 

Сонымен қатар, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларына ерекше назар аударып айтқым келіп отыр.

2024 жылы Алматы облысының аумағында балалардың қатысуымен 394 жол көлік оқиғалары тіркелді, бұл ретте 26 адам қаза тапты. 2023 жылмен салыстырғанда 103,1%- ға өсті. (2023 ж-194 ЖКО,қаза тапты -16).

Автомобиль жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы факторы бойынша 1 жол көлік оқиғасы орын алды, 5 адам жарақат алған.

Жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 2024 жылы 14,2 млрд.теңгеге 143,7 шақырым автомобиль жолына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жұмыс түрлері бойынша:

6,3 шқ автомобиль жолын салу және қайта жаңғырту – 4,4 млрд. теңге;

129,0 шқ автомобиль жолын орташа жөндеу – 7,66 млрд. теңге;

8,4 шқ автомобиль жолын күрделі жөндеу – 1,745 млрд. теңге;

4 көпірдің күрделі жөндеу – 0,42 млрд. теңге;

Анықтама үшін: республикалық маңызы бар жолдардың 8 жобасына жалпы сомасы 75,5 млрд.теңгеге және аудандардың 316,3 шқ көше-жол желісінің орташа жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 8,782 млрд. теңгеге жөндеу жоспарланған.

 

Жалпы, жергілікті автомобиль жолдарына жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ағымдағы жылы 1 180 шақырым жолға жолақ сызықтар сызылды, 37 671 шаршы метр шұңқырлы жөндеу жұмыстары, 443 жол белгілері және 14 жасанды жол кедергілері орнатылды.

Сонымен қатар, 22 826 шаршы метр ағымдағы жөндеу жұмыстары, 22 дана стробоскоп, 605 шаршы метр жолақ сызбасы, 10 дана жол паносы, 300 дана катафот (кошачий глаз), 10 дана бала макеті, 10 дана светофорды 2024 жылдың қыркүйек айының соңына дейін орнату жоспарланып, тапсырыс берілді.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде облыста 335 аппараттық бағдарламалық кешен және 9100 жалпы бейнебақылау орнатылады, олар әрбір аудандағы жедел басқаруға мүмкіндік береді.

Барлық жол көлік оқиғаларының едәуір бөлігі тәуліктің қараңғы уақытында (22:00-ден 06:00-ге дейін) орын алады, бұл көшелерді, жолдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін нашар жарықтандыру факторлары, сондай-ақ тротуарлардың болмауы немесе нашар жағдайы, көлік құралдары және жаяу жүргіншілер арасында жол көлік оқиғалары қаупін айтарлықтай арттырады.

Ағымдағы жылы Полиция департаментімен бірлесіп жол көлік оқиғаларын азайту мақсатында іс шара жоспарлары әзірленді. Іс шара жоспарына сәйкес, көлік қарқындылығы жоғары елді мекендерде келесі жұмыстар жүргізілетін болады:

  1. Қозғалысты ретке келтіру үшін бағдаршам объектілерін орнату;

  2. Жол белгілерін орнату, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру;

  3. Жасанды жол кедергілерін орнату;

  4. Жаяу жүргіншілер өткелдерінің жолақ сызықтарын жаңарту;

  5. Тротуарларға жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  6. Автобус аялдамаларына жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  7. Ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  8. Жол жиектерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

Облыстық маңызы бар автожолдардың бойындағы жөндеу жұмыстары мен материалдарының сапасын тексеру мақсатында Алматы облысы бойынша «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» филиалымен  75,0 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды.

Облыстық маңызы бар автожолдарындағы құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын бағалау кезінде тексерудің 5 кезеңінен өтеді.

Анықтама үшін:

-Алматы облысының ЖКжАЖБ (УПТиАД) басқармасы;

-мердігерлік ұйым;

-техникалық қадағалау;

-авторлық қадағалау;

-Алматы облысы «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК бойынша филиалы

2024 жылғы 01 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі 91% құрады. Осы жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 93 % жеткізу жоспарланған.

Алматы облысы аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше бақылауымызда және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылатын болады.

Құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептерді жою процесіне мүдделі органдарды тарту бойынша барлық ықтимал тетіктер мен ресурстарды пайдалану өз оң нәтижелерін берді.

Бұл жұмыстың негізгі аралық нәтижелері. Мәселе тұрақты бақылауда және оның сапалы орындалуы қамтамасыз етіледі.

Дата публикации
20 сентября 2024
Дата обновления
20 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты
Ақпарат
19 октября 2026
Қонаев қалысының сайты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы