Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік тапсырысты іске асыру аясында 2024 жылы келесі іс-шараларды өткізу жоспарланды.
"Жұқпалы аурулардың алдын алу", "Жұқпалы емес аурулардың алдын алу", "Мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу", "Дене белсенділігі мен дұрыс тамақтануды насихаттау", "Репродуктивті денсаулықты қорғау", "Жарақаттанудың алдын алу", "Психикалық денсаулық" тақырыптары бойынша халықтың денсаулығын нығайту және сақтау жөніндегі 270 іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
204 912 дана ақпараттық-білім беру материалдарын шығару.
Онкологиялық ауралардың алдын алу бойынша 10 баннер жасау және орнату.
Қоғамдық орындардағы LED мониторлар арқылы "Жұқпалы аурулардың алдын алу", "Жұқпалы емес аурулардың алдын алу", "Мінез-құлықтық қауіп факторларының алдын алу" бойынша бейне роликтерді көрсету.
Веб-сайтта, әлеуметтік желілерде өткізілген шаралар туралы ақпаратты орналастыру.
Алматы облысында өткізілетін салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ісшараларға мониторинг жүргізу және бастапқы талдау жүргізу.
Сонымен қатар, бүгінгі күнге 2836 облыс тұрғындарын қамтумен 62 іс-шара (семинар-тренинг, конференция, спорттық шара) ұйымдастырылып, өткізілді.