Алматы облысы әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес бірінші тоқсанда облыстық басқармалардың (дін, білім, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, жастар саясаты мәселелері) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы, екінші тоқсанда Қонаев қаласы, Қарасай, Талғар, Іле, Жамбыл аудандарының, үшінші тоқсанда Ұйғыр, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Кеген аудандарының жергілікті атқарушы органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі жұмыстары туралы, төртінші тоқсанда 2024 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларының немесе мемлекеттік гранттардың жүзеге асырылуы туралы есебі және 2025 жылға арналған Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын немесе мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының тізбесін талқылау жөніндегі кеңестің отырыстары өткізілді.