Меню

Страницы

Статья

Құрметті достар!

Халықпен жедел және барынша тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін және Қаржылық сауаттылықты арттырудың 2020 – 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  2020 жылғы 25 маусымнан бастап «Fingramota Online» мобильдік қосымшасын іске қосты.

Осы мессенджер арқылы пайдаланушылар бір айдың ішінде қаржылық қызметтерді тұтынушылар ретінде олардың құқықтарын бұзушылықтарға, қаржы өнімдерін пайдалану талаптарына, сондай-ақ қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылға және басқасына қатысты 500 аса өтініш жіберді.

 «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін мынадай сілтемелер бойынша қолжетімді:

App Store: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211

Play Market:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals.

Сонымен қатар мобильдік қосымшаның веб-нұсқасы http://online.fingramota.kz/ru сілтемесі бойынша қолжетімді.

Алматы қаласында карантиндік режимнің сақталғанына байланысты, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және COVID-19 таралуын болдырмау мақсатында қаржылық қызметтерді тұтынушылар өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке қашықтықтан хабарласа алады:

- пошта арқылы берілуі немесе курьер арқылы, оның ішінде Өңірлік өкілдердің басқармаларына жеткізілуі мүмкін жазбаша өтініштермен. Хат-хабарларды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: А15с9т5, Алматы қаласы, Көктем-3 шағын ауданы, 21 үй, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200;

 - info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық пошта арқылы;

- Агенттіктің: +7 (727) 2788 122, 2788 144 жедел желі телефондары бойынша, жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін).

- www.finreg.kz және www.fingramota.kz сайттарындағы «Кері байланыс» бөлімінің электрондық нысаны арқылы;

 - Өңірлік өкілдер басқармасында - аумақтық тиесілігі бойынша (https://finreg.kz/?docid=197&switch=russian).

 

Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
07 августа 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы