2020 жылғы 25 маусымда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржы және өзге де ұйымдардың қызметі, қаржылық сауаттылықты арттыру және басқа да мәселелер бойынша халық пен бизнестің өзара іс-әрекеттесуінің тиімді құралы болып табылатын «Fingramota Online» мобильді қосымшасын іске қосты.
Сіздердің назарларыңызға «Fingramota Online» қосымшасында неғұрлым жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды ұсынамыз.
Сұрақ: Менің компаниям карантин енгізуге байланысты зардап шекті. Кіріс түспейді, ал кредит төлеу қажет. Кейінге қалдыру алуға бола ма және оны алу жолдары қандай?
Жауап: Карантиндік шектеу шараларын енгізу нәтижесінде қызметі шектелген, тыйым салынған не тоқтата тұрылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша кейінге қалдыру тәртібі жеңілдетілді.
Төлемдерді қайта қаржыландыру не кейінге қалдыру ұсыну туралы шешімді кредиттік ұйым қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауын растаусыз, https://clck.ru/Q586S сілтеме бойынша танысуға болатын Қолдау шараларын ұсыну тәртібіне сәйкес, қарыз алушының қызмет түрлерінің бірін жүзеге асыруы кезінде қарыз алушының өтініші негізінде қабылдайды.
Өтінішті беру күніне қарамастан кредиттік ұйымдар, егер қарыз алушының өтінішінде өзге мерзім көрсетілмесе не кредиттік ұйымның шешімінде неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілмеген жағдайда банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттары бойынша төлемдерді 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзімге кейінге қалдыру ұсынады.
Төлемдерді кейінге қалдыру, егер банктік қарыз және (немесе) микрокредит шартында төлемдердің өзге кестесі көзделмеген, не қарыз алушының өтінішінде көрсетілмесе, қарыз алушының бұрын мерзімі кешіктірілген төлемдерін қарыз мерзімі аяқталғанға дейін тепе-тең бөлу не қарыз мерзімін ұлғайту түрінде жаңа төлем кестесін жасау арқылы банктік қарыз және (немесе) микрокредит шарттарына және (немесе) субсидиялау және (немесе) кепілдік беру шарттарына қосымша келісімдер жасаусыз ұсынылады.
Егер қарыз алушының өтінішінде өзге әдіс белгіленбесе, субсидияланатын қарыздар бойынша төлемдерді кейінге қалдыру ұсыну сыйақының кейінге қалдырылған субсидияланған бөлігін ұсынылған жеңілдік кезеңінен кейін бірінші жоспарлы төлемге бірыңғай төлеммен көшіруді ұйғарады, ал сыйақының кейінге қалдырылған субсидияланған бөлігі жеңілдік кезеңінен кейін қарыз мерзімінің соңына дейін тепе-тең бөлінеді.
Сұрақ: Менің баспанам ипотекалық қарыз бойынша міндеттемелерді орындау есебінен банктің балансына қабылданған, маған, қарыз алушы ретінде, Бағдарлама шеңберінде тұрғын үйді меншікке қайтару бойынша қандай көмек көрсетіледі?
Жауап: Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының 2-1-бөлімінің 17-8-тармағына сәйкес банк тұрғын үйді қарыз алушыға/кепіл берушіге/жалға алушыға меншікке беру мақсатында, тараптардың келісімі бойынша мыналарды жүзеге асырады:
Тұрғын үйді меншікке беру мынадай талаптармен жүзеге асырылады:
Қарыз алушыны қаржыландыру 3%-дық мөлшерлеме бойынша жүзеге асырылады, жалға алу мерзімі кемінде 20 жыл (кемінде 20 мың жалға алу төлемімен және ең төменгі күнкөрістен аспайтын мөлшердегі кірісті сақтай отырып).
Жалға алу мерзімі 5 жылдан астам болған кезде ай сайынғы жалдау төлемі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Сұрақ: Мен «Fingramota Online» қосымшасы арқылы 42500 теңгеге өтініш бере аламын ба? Бұл өтінішті қайда беруге болады?
Жауап: ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің құзыретіне әлеуметтік төлемдер есептеу мәселелері кірмейді. Сізге ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 1414 телефоны немесе электрондық пошта: 42500@enbek.kz бойынша өтініш жасауды ұсынамыз.
Сұрақ: Маған шотқа 42500 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек түсті, бірақ оны банк/коллекторлар/ЖСО бұғаттап тастады? Бұл заңды ма?
Жауап: Мемлекет карантин кезеңінде халыққа 42 500 теңге сомада әлеуметтік көмек, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардан әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастырып отыр. Көрсетілген әлеуметтік төлемдер, азаматтардың өтініштері бойынша төлем карточкалары шығарылған азаматтардың ағымдағы шоттарына түседі.
Көрсетілген банк шоттарындағы ақша инкассолық төлемдер; төлем талаптары; тыйым салу туралы қаулылар; шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер негізінде үшінші тұлғалардың өндіріп алулары мен тыйым салуларынан (бұдан әрі-шектеулер) қорғалған жоқ.
Әлеуметтік шиеленіске жол бермеу және әлеуметтік төлемдердің сомасынан ақшаны есептен шығаруды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік төлемдердің үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттілігі туралы банктерге хат жолдады.
Мүдделі мемлекеттік органдарға әлеуметтік төлемдер түсетін банк шоттарына шектеулерді алып тастау бөлігінде банктерге барынша жәрдем көрсету қажеттілігі туралы хат жолданды.
Сондықтан әлеуметтік төлемді ұстап қалу мәселесі бойынша өтініш беруші клиенттің осы жәрдемақыны алуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы үшін екінші деңгейдегі банкке жүгінуі қажет.
Банк қажетті іс-шараларды өткізуден бас тартқан жағдайда өтініш беруші өзінің дербес деректерін (ЖСН қоса алғанда) және әлеуметтік төлемді ұстап қалуға қатысты өзге де қажетті мәліметтерді көрсете отырып, жазбаша не онлайн-сервистер арқылы Агенттікке жүгінуі қажет. Агенттіктің жедел желі телефоны +7727 2788 122, +7727 2788 144, жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Әлеуметтік төлемдер сомасынан шектеулер мен талаптарды алып тастау бойынша сот орындаушылары бас тартқан жағдайда, әлеуметтік төлем алушылар жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының өтініштерді қарау бөліміне: +7 778 120 53 98, + 7 701 309 37 07 телефондары арқылы, rpchsikz2@gmail.com электрондық поштасы арқылы; салық органдары салған шектеулерді шоттардан алып тастау бойынша бас тартылған жағдайда – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне: 1414, 8 800 080 7777 байланыс орталығы арқылы жүгіне алады.
Сұрақ: Банктер КВИ пандемиясына байланысты кейінге қалдыру кезеңінде өсімақы есептеуге құқылы ма?
Жауап: Ағымдағы жылғы 23 наурыздан бастап қолданысқа енгізілген ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Төтенше жағдай кезеңінде халықты және кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы» № 17 қаулысына сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде банктік қарыз және (немесе) микрокредиттің барлық шарттары бойынша негізгі борыш және сыйақы бойынша төлемдердің мерзімін өткізіп алу бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге тыйым салу белгіленген.
Сұрақ: Банктен кредит алайын деп едім, маған кредит беруден бас тартты. Бұл менің бұрын мемлекеттен әлеуметтік көмек алуыма байланысты болуы мүмкін бе?
Жауап: қарыз беру туралы шешімді қаржы ұйымдары қарыз алушының кредиттік тарихын және төлемге қабілеттігін талдау негізінде жеке тәртіппен қабылдайды. Кредиттеу талаптарын, қарыздар берілуі мүмкін тұлғалардың санатын, олардың осы үшін қажетті төлемге қабілеттілігін, сондай-ақ кредиттеудің өзге талаптарын екінші деңгейдегі банктер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер туралы заң) сәйкес Банктің Директорлар кеңесі бекітетін Операциялар жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларда, ішкі кредит саясатында белгіленген тәртіппен дербес айқындайды.
Банк кредиттеу кезінде белгілі бір тәуекелдер, оның ішінде қарыздардың қайтарылмау тәуекелдерін қабылдайды. Тәуекелдерді азайту мақсатында банктер қарыз алушының тұрақты кірісі болуының, жасының, азаматтығының және басқасының негізінде әлеуетті қарыз алушының кредитке қабілеттілігіне талдау жүргізеді. Бұл ретте қарыз беру туралы оң шешім қабылдау үшін қарыз алушыда жағымсыз кредиттік тарихтың болмауы маңызды фактор болып табылады.
Егер қаржылық қызметтерді тұтынушы ретінде Сіздің құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, Сіз ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне кез келген қолайлы тәсілмен жүгінуге құқылысыз: жазбаша өтінішпен, оны поштамен жіберуге немесе курьермен жеткізуге болады, оның ішінде Өңірлік өкілдер басқармасына. Хат-хабарды қабылдау мына мекенжай бойынша жүзеге асырылады: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ша/, 21-үй, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200, info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық пошта бойынша немесе электрондық үкіметтің порталы арқылы.
Сұрақ: «Оңалтылды» деген мәртебе алуға болады деп оқыдым. 90 күннен астам мерзімін өткізіп алу болды. Қазір жұмыс істеймін, тұрақты табысым бар, кредит ресімдегім келеді. Осы мәртебені қалай алуға болады?
Жауап: № 53 қаулыға сәйкес кредиттік бюро бұрын 90 күннен астам мерзімін өткізіп алуға жол берілген кредитке қатысты «оңалтылды» деген мәртебені мынадай талаптар сақталған кезде шартымен береді (осы өзгерістер Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысымен енгізілді):
1) кредит бойынша берешек өтелген соң бір жыл өткеннен кейін.
Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешекті толық өтесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро «оңалтылды» деген мәртебені беруге тиіс.
Заңнамаға сәйкес арнайы шоттағы ақшаға: тыйым салу, сот орындаушыларының инкассалық өкімдері бойынша банктердің және банктік емес ұйымдардың төлем талаптары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.
Осылайша, қарыз алушылардың қарыз бойынша мерзімі өткен берешектері болған кезде, арнайы шоттардағы қаражат үшінші тұлғалардың өндіріп алуынан толық қорғалады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы 2019 жылдан бастап мына шоттардан ақша өндіріп алуға тыйым салуды көздейді:
- Жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін;
- Кәмелетке толмағандар мен еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтуге берілетін алимент;
- Азаматтардың тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасын төлеу;
- Білім беру жинақ салымдары.
Арнайы шоттарға тек жоғарыда көрсетілген төлемдерді аударуға болады және банктер төлемнің тағайындалуының тиісті коды бойынша және ақша жіберушіге сәйкес осындай шоттарға ақша түсуін бақылауды жүзеге асырады. Банктер арнайы шоттарды жеке тұлғаның талабы бойынша және банктік шотты ашуға арналған өтініште оның арнайы тағайындалуы көрсетілген жағдайда ашады .
Сұрақ: Менің қандай да бір қарызым болмаса да, мені коллекторлар алаңдатады. Өз құқығымды қорғау үшін қайда жүгінуіме болады?
Жауап: Сіздің Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен байланысуға құқыңыз бар: жазбаша өтінішпен, ол пошта арқылы берілуі немесе оны курьер, оның ішінде Өңірлік өкілдер басқармасына жеткізуі мүмкін. Хат-хабарларды қабылдау А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 шағын ауданы, 21-үй, байланыс телефоны: +7 (727) 2619 200, Агенттіктің www.finreg.kz сайты арқылы кері байланыс бөлімінде, info@finreg.kz, TAL@finreg.kz электрондық поштасы немесе электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылады.
Өтініш беру кезінде өз деректеріңізді және өтінішіңізге қатысты ақпаратты толық көрсетіңіз: коллекторлық ұйымның атауы, қызметкерлердің аты-жөні және телефон нөмірлері және т.б. Өтініш заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.
Құрметті пайдаланушылар, сұрақтарыңызды «Fingramota Online» қосымшасы арқылы жіберіңіз, біздің мамандар сізге қысқа мерзімде жауап береді. Қосымшаны мемлекеттік және орыс тілдерінде мына сілтемелер бойынша жүктеуге болады:
App Store: https://apps.apple.com/kz/app/fingramota-online/id1134502211
Play Market: https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.nationalbank.appeals. Сондай-ақ, «Fingramota Online» веб-нұсқасы қолжетімді.
Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз,
қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!