1959 жылы 18 сәуірде Талдықорған облысы Гвардия ауданы Бостан ауылында дүниеге келді. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
1980 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтын «құрылыс-инженері», 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін «экономист», 2019 жылы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін «заңгер» мамандықтары бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1980 жылы Алматы қаласындағы «Казколхозспецстрой» тресі №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері ретінде бастады. 1982 жылдың 27 ақпаннан бастап 10 қарашаға дейін Алматы қаласындағы №1 құрылыс тресі №25 жылжымалы механикаландырылған колоннасының шебері болып жұмыс жасады.
1982-1991 жылдары аралығында Талдықорған ауданаралық сауда базасының құрылыс бригадасының прорабы, инженерлік-техникалық қызметі бойынша директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
1991-1996 жылдары аралығында Талдықорған қаласындағы «Қаблан» жан-жақты сауда-құрылыс кәсіпорнының директоры.
1996-1998 жылдары аралығында Талдықорған облыстық әкімшілігі жанындағы облыстық экономикалық келісімді реттеу қоры директорының орынбасары.
1998-2001 жылдары аралығында Алматы облысы Ескелді ауданы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2001-2011 жылдары аралығында Ескелді ауданының әкімі.
2011-2015 жылдары аралығында Қаратал ауданының әкімі.
2015-2017 жылдары аралығында Алматы облысы әкімі аппаратының басшысы қызмет атқарды.
2017 жылдың 05 сәуірінен Алматы облыстық мәслихатының хатшысы.