Меню

Страницы

Статья

Сақмолдин Саят Сарқытбайұлы

1974 жылғы 09 наурызында Алматы облысы, Ақсу ауданы, Сағабүйен ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының азаматы. Ұлты – қазақ. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

1999 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін зооинженер мамандығы бойынша және 2003 жылы І.Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін дене шынықтыру мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы Талдықорған облысы, Ақсу ауданындағы, Ленин атындағы қызылша кеңшарында құрылысшы болып бастаған.

1992 жылдан 1997 жылға дейін І.Жансүгіров атындағы қой кеңшарында құрылысшы болып жұмыс істеген.

1997 жылдан 1999 жылға дейін Сағабүйен өндірістік кооперативінің жүргізушісі.

2000 жылдан 2006 жылға дейін Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі.

2006 жылдан 2009 жылға дейін Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығындағы технологиялық саясатты дамыту бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2009 жылдан 2011 жылға дейін Алматы облысы әкімі аппараты ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Алматы облысы әкімі аппаратының әлеуметтік бөлімінің бас маманы – облыс әкімі орынбасарының көмекшісі.

2013 жылдан 2015 жылға дейін Алакөл ауданы әкімі аппаратының басшысы.

2015  жылдан 2019 жылға дейін Алматы облысының ауыл шаруашылығы бақармасы басшысының орынбасары.

2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

 

Дата публикации
29 июля 2020
Дата обновления
29 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы