Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 6 айында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде белгілі жұмыстар жүргізілуде.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ВАК-тың 2 отырысы өткізілді, 7 мәселе қаралды, 33 ұсыным әзірленді, оның ішінде 7 орындауда.

ЖАО-ның квазимемлекеттік секторына сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерін енгізу мониторингі жүргізілді, бүгінгі күні барлық 218 ұйымда комплаенс-қызмет енгізілді.

Ағымдағы жылдың басынан бері осы бағытта 2 іс-шара (семинар, кездесулер) өткізілді. Қабылданған заңнамалық новеллаларды іске асыру үшін Beeline Қазақстан компаниясымен бірлесіп, тиісті сертификаттар бере отырып, Алматы облысының 105 комплаенс-офицерлері мен Әдеп жөніндегі уәкілдеріне Практикалық оқыту жүргізілді.

2023 жылға арналған облыстық басқармалар мен квазимемлекеттік ұйымдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кестесі әзірленді.

Ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 62 ішкі талдау жүргізілді, 79 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша 83 ұсыныс енгізілді. Әзірленген ұсынымдарды орындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Саналы ұрпақ» клубының мүшелері 1 курс студенттері арасында "Мемлекеттік қызмет – ел мүддесі үшін адал еңбек"тақырыбында эссе байқауын ұйымдастырды. Байқау барысында жүлделі орындарды ПРГ 1-1 тобының студенті Яна Островская және ПВР 1-1 тобының студенті Айша Нұрданбек иеленді.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізілуде. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді іске асыру үшін әлеуметтік желілер мен БАҚ мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.

Азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында облыстың БАҚ-та үнемі мақалалар мен жарияланымдар жарияланады.

2023 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоғарыда аталған жоспар аясында келесі жұмыстар жүргізілді:

Алматы облысы әкімдігінің сайтында және облыстық басқармалардың, аудандар мен Қонаев қаласы әкімдіктерінің сайттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы 2 бейнеролик жарияланды.

Танымал актері Н.Әлімжановпен бірге 1 бейнеролик түсірілді әрі қарай белгілі тұлғалармен түсірілімді жалғастыру жоспарлануда.

Кестеге сайкес жұмыстар жүргізіліп, авторлық мақалалар жариялануда. Бүгінгі күні аудандық газеттерде Балқаш, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандары әкімдерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалары жарияланды. 

Құқықтық тақырыпқа маманданған журналистер мен блогерлер пулы құрылды. Жыл басынан бері осы тақырыпта «Сыбайлас жемқорлықты жою бағыттары», «Маман кафедрасы», «Білу маңызды» және т.б. 211 мақала жарияланды.

Діни бірлестіктердің өкілдерін тарта отырып, іс-шаралар өткізу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Мешіттерде сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны туралы уағыздар ұйымдастырылды.

Облыстың барлық кітапханаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кітап көрмелері ұйымдастырылды. Келушілердің назарына Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы кітаптар, брошюралар, жинақтар, журналдар және басқа да материалдар ұсынылды.

Қонаев қаласында адвокаттарді, заңгерлерді және түрлі сала өкілдерін тарта отырып, құқықтық көмек көрсету бойынша кең ауқымды республикалық «Халық заңгері» акциясы өткізілді, 50 - ден астам азаматқа заң көмегі көрсетілді.

Облыс әкімдігінің ғимаратында блогерлер үшін «Ашық есік күні» өткізілді, сондай-ақ «Атамекен бизнес», «Zakon.kz», «Tengrinews.kz».  ақпараттық агенттіктері үшін облыс әкімімен сұхбат жүргізілді.

 

 

Мемлекеттік қызметшілердің имиджін нығайту жөніндегі жұмыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіледі. Ағымдағы жылдың 7-9 маусымында Қарасай ауданы Шамалған кентінде мемлекеттік қызметшілер арасында IV жазғы олимпиада өткізілді.

Білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу кезінде сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі. «Парасаттылықтың бір сағатын» ұйымдастыру практикасы жалғасуда.

Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп өңірдің жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесу мемлекеттік қызметшілердің әдептілік деңгейін арттыруға және Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңға енгізілген жаңа тәсілдер мен өзгерістер туралы хабардар етуге бағытталған.

Сертификатталған оқыту өңірдің 26 мемлекеттік қызметшісі үшін 14.03.2022 - 18.03.2022 ж.бастап АМУ филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс», «Мемлекеттік органдардағы стратегиялық HR менеджмент құралдары» тақырыбында өткізілді.

Бірінші жартыжылдықта сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта 387 түрлі іс - шара өткізілді (Жамбыл - 85, Балқаш - 65, Іле - 46, Ұйғыр - 45, Қарасай - 42, Райымбек - 40, Талғар – 31, Қонаев қаласы-15, Кеген -11, Еңбекшіқазақ-7).

Аудандар, қалалар әкімдіктерінің барлық ресми сайттарында және олардың әлеуметтік желілердегі парақшаларында ИНФОГРАФИКА орналастырылған. Қоғамдық орындарда және автобустарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы арнайы жапсырмалар мен стикерлер жапсырылған.

2023 жылы Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыруға 52,1 млн.теңге қарастырылған.

Жобаларды іске асыру шеңберінде Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Кеген, Райымбек аудандарының және Қонаев қаласының әкімдіктерімен шарттар жасалды. Халық арасында сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіретін үлестірме материалдар таратылуда.

Қазіргі уақытта Балқаш ауданының 15 ауылдық округінде 150 плакат таратылды. Талғар ауданында 200, Қонаев қаласында 150 брошюра таратылды. Еңбекшіқазақ ауданында 1500, Жамбыл ауданында 1000 үлестірме материалдар дайындалуда.

Облыста құқықтық мәдениет тақырыбында қоғамдық орындарда 65 көрнекі үгіт құралдары (баннерлер, стендтер және т.б.) орналастырылды.

Бұдан әрі жұмыс Алматы облысы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған түрлі нысаналы топтар деңгейінде декомпозициямен ақпараттық жұмыс жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылатын болады.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

Облыс әкімінің аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және ТҚК қызметін ұйымдастыру бөлімі

Дата публикации
03 июня 2024
Дата обновления
03 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы