Қоғамдық денсаулық сақтау институтының мамандары Талдықорған қаласының «Арбат» алаңында, "Айша Бибі" УДЗ және "Каспий банк" келушілері арасында «Сау болу –сәнді!», «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында тұрғындарға ақпараттық-түсіндірме жұмыстар ұйымдастырып, денсаулықты сақтау және нығайту бойынша үнпарақтар таратты. Викторинаға белсенді қатысушыларға гигиена құралдары таратылды.