2020 жылдың 1 шілдеге мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер бойынша жоспар 237 959 млн. теңге болса, түсім 250 384 млн.теңге түсіп, жоспар 105,2% орындалды, жоспардан тыс 12 425 млн.теңге түсті. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда түсім 22 002 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны 109,6% құрады.
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 111 328 млн.теңге болғанда, түсім 130 626 млн.теңге түсіп, 117,3% орындалды, жоспардан тыс 19 299 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 29 051 млн.теңгеге артып, өсу қарқыны 128,6% құрады.
Республикалық бюджет бойынша жоспар 126 631 млн.теңге болғанда түсім 119 758 млн.теңге түсті, немесе орындалуы 94,6%, жоспардан кем 6 873 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 7 049 млн.теңгеге кем түсті, өсу қарқыны 94,4% құрады.
Жоспардың орындалмауының және түсімдердің төмендеуінің негізгі себептері:
1) Республика бойынша төтенше жағдайға сәйкес 2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап «Қалжат» және «Қорғас» ШЫХО кеден бекеттерінің жұмыстары тоқтатылды. Осы жылдың наурыз айынаң бастап «Нұр Жолы» кеден бекеті арқылы өтетін көліктерге шектеу қойылды.
Сонымен қатар, былтырғы жылмен салыстырғанда тауарлар бойынша импорттың көлемі 2,2 есеге төмендеді (2019-2020 жылдардың бірінші жартыжылдығы бойынша 380,7 мың.тоннадан 172,9 мың тоннаға дейін азайды).
Құндық тұрғыдан алғанда импорт көлемі де 2 есеге қысқарды (2019-2020 жылдардың бірінші жартыжылдығында 959,4 млн.АҚШ долларынан 481,0 млн. АҚШ долларына дейін азайды).
Нәтижесінде 2020 жылдың 1 шілдеге кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жоспар 47 137 млн.теңге болғанда 37 024 млн.теңге түсім түсіп, 78,5% орындалды, жоспардан кем 10 113 млн.теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда 6 284 млн.теңгеге кем түсіп, өсу қарқыны 85,5% құрады;
2) "Джей Ти Ай Қазақстан" ЖШС бойынша ЕАЭО елдерінен сигарет импортының 53% немесе 334 мың дана темекіге төмендеуі, 6 422 млн.теңгеге темекі өнімдері бойынша акцизден түсетін түсімінің төмендеуіне себеп болды;
3) ағымдағы жылдың басынан бастап жергілікті бюджетке шағын кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративті табыс салығының түскен сомасы 10 437 млн.теңгені құрады;
Жоспарды орындау мақсатында салықтық әкімшілендіру нәтижесінде республикалық бюджетке қосымша түсімдер 2 962 млн.теңгеге қамтамасыз етілді.
2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда келесі салық түрлері артып отыр:
республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген тауарларға, орындалған жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын қосылған құн салығынан 5 871 млн.теңгеге, ҚР аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінетін акцизделетін өнімнің өзге түрлерінен 2 923 млн.теңгеге, ЕАЭО мүше мемлекеттер аумағынан импортталған тауарларға қосылған құн салығынан 1 922 млн. теңгеге, резидент емес үшін қосылған құн салығынан 634 млн.теңгеге.
жергілікті бюджетке темекі өнімдері бойынша акцизден 16 451 млн.теңгеге, жеке табыс салығынан 3 275 млн. теңгеге, әлеуметтік салығы 2 532 млн.теңгеге.
Ағымдағы жылдың басынан мемлекеттік бюджетке 8 141 салық төлеушілерден 4 637,3 млн.теңге қосымша түсім қамтамасыз етілді.
Қосымша түсімдер келесі салық түрлері бойынша өндірілді:
- кедендік төлемдер мен салықтардан 1244,5 млн.теңге;
- корпоративтік табыс салығынан 814,2 млн.теңге;
- жеке табыс салығынан 313,8 млн.теңге;
- әлеуметтік салығынан 243,8 млн.теңге;
- басқасы 222,2 млн.теңге.
2020 жылдың 1 шілдеге салықтар бойынша бересі 8 148,5 млн.теңгені құрады, 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 3 969,7 млн.теңгеге немесе 95% өсті (2020 жылдың 1 қаңтарына бересі 4 179 млн. теңгені құрады).
Аумақтық басқармалармен барлық борышкерлерге қатысты мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары күнделікті қолданылады.
Қолданылған шаралар нәтижесінде өткен жылдар берешегі 1 396,8 млн.теңгеге төмендеді, онын ішінде 966,8 млн.теңге сомасына бересі ақшалай өндірілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті келесі бұқаралық-түсіндіру жұмыстары атқарылды.
Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 8296 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:
– республикалық және аймақтық газеттерде 391 мақала жарияланған.
- alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграмм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 4366 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 73 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо",»деловой Казахстан»);
– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 10 сөз сөйлеу түсірілді;
- "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша 1873 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;
- радио арқылы 1656 хабарлама болды;
Сонымен қатар 297 түсіндіру іс–шаралары, оның ішінде 153 семинарлар, 16 брифингтер, 74 дөңгелек үстелдер, 54 «Ашық есік күндері» өткізілді.
Ұлттық телеарналарда 1883 бағдарламалар түсірілімі жүргізілді, 1873 жергілікті арналарда хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды. Мысалы, «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет !» акциясы және т.б.жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.
Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.
Сонымен қатар, салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 03.06.2020ж. салық және кеден заңнамасына еңгізілетін негізгі өзгертулер мен толықтырулар туралы жұмыстары өткізілді. Атамекен ҰКП бірлесіп «Салық кодексі негізгі өзгерістер бойынша, төтенше жағдай кезеңінде салықтық жеңілдіктер туралы» және т.б. тақырыпта Инстаграмм парақшасында онлайн семинар өткізілді, түсініктемелер берілді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.
Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2020 жылдың 3 тоқсанына келесі міндеттерді белгіледі: