Меню

Страницы

Статья

Кеңестер

Салық және кеден төлеушілерге мемлекеттік кірістер  органдары салық және кеден міндеттемелерінің басталуы, орындалyы және аяқталуы бойынша туындайтын сұрақтарды семинар, жиналыс, Интернет-конференция өткізу, шолу және түсіндіру хаттарын дайындау, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу және жариялымдар арқылы жүзеге асырады. 

 

Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті және оның аумақтық бөлімшелері бұқаралық-түсіндіру жұмысы туралы 01.07.2020 жылы  жағдайы бойынша келесі жұмыстар атқарылды.

Жыл басынан түсіндірме сипатындағы 8296 іс-шара өткізілді. Оның ішінде:

– республикалық және аймақтық газеттерде 391 мақала жарияланған.

- alm.kgd.gov.kz департаментінің ресми сайтында және Facebook, Twitter, VK, Инстаграмм әлеуметтік желілер аккаунттарында және аудандар әкімдерінің ресми сайттарында 4366 ақпараттық материал орналастырылған, оның ішінде ақпараттық агенттіктердің сайттарында – 73 мақала ("Zakon KZ", "Тенгри Ньюс", "НУР.KZ", "Ақпарат Инфо",»деловой Казахстан»);

– республикалық және жергілікті теледидар бойынша ("Қазақстан" ТРК, "Атамекен", "Хабар", "24 КZ", "КТК", "Алматы ТВ" және "Жетісу" ТРК) - 10 сөз сөйлеу түсірілді;

- "Жетісу" ТРК және "ЕсКаТел" ТД жергілікті теледидар бойынша             1873 хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды;

- радио арқылы 1656 хабарлама болды;

Сонымен қатар 297 түсіндіру іс–шаралары, оның ішінде 153 семинарлар, 16 брифингтер, 74 дөңгелек үстелдер, 54 «Ашық есік күндері» өткізілді.

          Ұлттық телеарналарда 1883 бағдарламалар түсірілімі жүргізілді, 1873 жергілікті арналарда хабарлама жүгіртпе жолға орналастырылды. Мысалы, «Хабар», «24 KZ», «КТК», «Алматы ТВ», «СТВ» республикалық телеканалдарында және жергілікті «Жетісу» ТК салық және кеден заңнамасындағы өзгерістері бойынша, «Түбіртекті талап ет — жүлдені ұтып ал» акциясы  «Қоғамдық бақылау - түбіртекті талап ет !» акциясы  және т.б.жаңалықтар мен басқа да арнайы бағдарламаларда үнемі түсіндіріліп отырады.

          Салық және кеден заңнамасының нормаларын тұрақты негізде түсіндіру бойынша жұмыс аясында Алматы облысындағы МКД қызметкерлері Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы өткізетін Бухгалтерлер клубының отырыстарына және түрлі семинарларға қатысады. Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Өзара әрекеттестік аясында ай сайын Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасында «Салық сағаты» өткізіледі, онда Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері салық салу мәселелері бойынша кәсіпкерлерге кеңес береді.

 Сонымен қатар, салық төлеушілерге және сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға 03.06.2020ж. салық және кеден заңнамасына еңгізілетін негізгі өзгертулер мен толықтырулар туралы жұмыстары өткізілді.  Атамекен ҰКП бірлесіп «Салық кодексі негізгі өзгерістер бойынша,  төтенше жағдай кезеңінде салықтық жеңілдіктер туралы» және т.б. тақырыпта Инстаграмм парақшасында онлайн семинар өткізілді, түсініктемелер берілді, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

 

Дата публикации
19 июля 2020
Дата обновления
19 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы