«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және С.Б. Бакированың міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 01 ақпандағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Самал Багдатовна Бакирова Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндеттерінен босатылсын.
Осы қаулы Қонаев қалалық мәслихатына және Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы,
1 ақпан 2024 жыл
№ 11