«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына және сайлаушылар санына байланысты үгіт жүргізу үшін әкім болуға кандидаттың шығыстарын қаржыландыру кезінде сараланған тәсілді қолдануға сәйкес Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі болуға кандидаттың облыстық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшері осы қаулыға 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.
Кандидаттар баспа және/немесе желілік басылымдардағы, теле-, радиоарналардағы жарияланымдардың көлемін өздерінің сайлау алдындағы бағдарламаларымен сөйлеу үшін мемлекет бөлген қаражат шеңберінде дербес қайта бөледі.
Осы қаулы қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларына жіберілсін.
Осы қаулы облыстық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында жариялансын.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы,
19 қаңтар 2024 жыл
№ 8