«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және Ә.Батырханқызының міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 15 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әсел Батырханқызы Алматы облыстық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын.
Осы қаулы Алматы облыстық мәслихатына және Алматы облыстық мәслихат депутатын сайлау жөніндегі №7 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің округтік сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы,
19 қаңтар 2024 жыл
№ 7