«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 6-тармағы 2-бөлігінің 1) тармақшасына сәйкес және М.Ғ.Дігәрбектің міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы 2024 жылғы 15 қаңтардағы өтінішінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Мәлік Ғалымұлы Дігәрбек Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндетінен босатылсын.
Осы қаулы Райымбек аудандық мәслихатына және Райымбек ауданының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы, 15 қаңтар 2024 жыл, № 4