«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 19-бабының 8-тармағына сәйкес және Э.Қ. Куздеубаеваның, А.Т. Нұраханованың 2024 жылғы 03 қаңтардағы өтініштерінің негізінде Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін бос орынға Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссия мүшелері болып Эльмира Қамбарқызы Куздеубаева, Ақерке Тұрысбайқызы Нұраханова тағайындалсын.
Осы қаулы Қонаев қалалық мәслихатына және Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Төраға М. Айтова
Хатшы А. Канатова
Қонаев қаласы, 3 қаңтар 2024 жыл, № 2