Алматы облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның (бұдан әрі – ТҚК) 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2 наурызында облыс әкімінің төрағалығымен ТҚК отырысы өтті.
Отырыс барасында Интернет желісінде террористік сипаттағы ақпараттар көздерін анықтау бойынша жұмыстардың қорытындысы, сондай-ақ аталған қызметті БАҚ-та жарықтандыру туралы мәселе қаралды.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы ТҚК 2019 жылғы қызметінің нәтижелері және 2020 жылға арналған міндеттері туралы мәселе қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Алматы облысы әкімдігі жанындағы ТҚК аппараты