Меню

Страницы

Статья

Атқарылған жұмыстар бойынша ақпарат

Алматы облысының қаржы басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасы  Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,  облыстық мәслихаттың шешімдеріне, әкімдіктің қаулыларына, өкімдеріне  және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы  Ережеге сәйкес жүзеге асырады.  Қаржы басқармасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады, жүктелген функциялары мен міндеттерін орындайды.

Апта сайын облыс бюджетінің атқарылуына, оның ішінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша және аудандар (қалалар) бюджеттері бойынша мониторинг жүргізіледі. Алматы облысының 2020 жылдың                1 токсанда бюджет жоспары 307 663,0 млн.теңгені құрайды, нақты орындалғаны 305 542,6 млн.теңге немесе 99,3%.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде № 629 бұйрығының № 9 қосымшасына сәйкес облыс бюджетінің атқарылуы туралы талдамалы есеп ұсынылды.

Апта сайын Алматы облыс әкімінің аппараттық мәжілісінің хаттамасына жауап беріледі.

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 13 желтоқсандағы «Алматы облысының 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» № 55-282 шешімінің негізінде, мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы облыс әкімдігінің қаулысы  бекітілгеннен кейін 8 жұмыс күн аралығында облыстық бюджеттің түсімдерінің жиынтық жоспары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары қалыптастырылды. Қалыптастырылған жиынтық жоспарлар Қазынашылықтың біріктірілген ақпараттық жүйесіне енгізілуі үшін  «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне экспорт жолымен енгізіліп облыстың қазынашылық департаментіне уақытылы ағымдағы жылдың 10 қаңтарында берілді.

Облыстық бюджеттің жиынтық жоспарлары Бюджеттің атқарылуы және кассалық орындалуы Ережесінің 18 тармағының талаптарына сәйкес басқарманың салалық бөлімдерімен қабылданған бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің міндеттемелер мен төлемдер бойынша жоспарлар жобасының жиынтығы негізінде қалыптастырылып, белгіленген тәртіппен «Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесіне енгізілді. Бюджет тапшылығын болдырмау мақсатында  түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларының теңгерімділігі қамтамасыз етілді.

Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген трансферттердің айлар бойынша жоспарлық сомалары  жоғары тұрған бюджеттік бағдарлама әкімшілері бойынша  әзірленіп, төмен тұрған бюджеттерге жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44 бабын орындау мақсатында өткен қаржы жылында республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған)  517292,0 мың теңге және  бюджеттік кредиттердің 42,0 мың теңгесін ағымдағы жылдың 1 наурызына дейін жоғары тұрған бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету үшін  облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына облыстық бюджет көрсеткіштеріне түзету енгізу жөнінде ұсыныс берілді.

Алматы облысы әкімдігінің тиісті 2020 жылғы 18 ақпандағы «2020 жылға арналған облыстық бюджет көрсеткіштерін түзету және 2019 жылы бюджеттен бөлінген, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларды 2020 жылы пайдалану (толық пайдалану) туралы» № 61 қаулысы іске асырылып, қаржы жылының басына шыққан бюджет қаражатының қалдықтары есебінен республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің, бюджеттік кредиттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларының  жоғары тұрған бюджетке уақытылы қайтарылуы қамтамасыз етілді. Бірінші жартыжылдықта Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-бабына сәйкес республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер көлемі өзгеруіне және  Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бөлу себебінен 3 рет түзетулер енгізілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармақшасы  негізінде жергілікті атқарушы органдардың бастамасымен облыстық мәслихаттың «Алматы облысының 2020-20212  жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы»  шешіміне енгізілген  1 рет өзгерістер мен толықтырулар облыстық мәслихаттың 2020 жылдың 19 науырызындағы № 56-288 шешімімен енгізілді. Тиісінше облыстық бюджеттің көрсеткіштеріне өзгертулер енгізіліп,  түсімдердің жиынтық жоспарлары, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарлары қалыптастырылып қайта бекітілді.

Есепті кезең аралығында бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен төмен тұрған бюджеттерден түскен өтінімдер негізінде бюджет түсімдерінің жиынтық жоспарына, міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына ай сайыңғы өзгерістер енгізілген ағымдағы және облыстық мәслихат шешімінің,  облыс әкімінің бюджетке түзетулер енгізу туралы қаулылары негізінде жылдық жоспарлы тағайындауларға өзгерістер енгізу туралы  барлығы 280, оның ішінде бірінші тоқсанда 90, екінші тоқсанда – 190 анықтамалар пысықталып, «Қазынашылық-клиент» АЖ жүктелді.

Бюджеттің атқарылуы және кассалық орындалуы Ережесінің 12, 52 тармақтарына сәйкес  бюджет түсімдері сыныптамасының ерекшеліктері бойынша облыстық бюджет түсімдерінің  болжамдық жылдық  жоспарын бекіту туралы  бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның Бұйрығы әзірленді және бекітілген бұырыққа бюджеттің нақтылануына байланысты 1 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Меншікті кірістер бойынша аудандар (қалалар) түсімдерінің жиынтық жоспарлары жинақталып облыс бойынша түсімдердің жиынтық жоспары қалыптастырылды. Аудандардың (қалалардың), облыстық бюджеттің  кірістеріне енгізілген ай сайынғы өзгерістері есепке алынды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне:

аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттерінің түсімдер бойынша жиынтық жоспарлары жинақталып, 2019 жылдың облыс бойынша түсімдерінің жылдық жиынтық жоспары және ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15 күніне   5 рет қалыптастырылып жолданды;

өткен жылдың есепті кезеңімен салыстыра отырып,  жергілікті бюджеттердің кірістер жоспарының орындалуы және жоспардың артық орындалуы мен (немесе) орындалмау себептері көрсетіле отырып 2019 жыл қорытындысы бойынша, бірінші тоқсанның қорытындыларымен 2 рет ақпарат жолданды;

4-ші деңгейдегі бюджеттің енгізуіне байланысты ауылдық округтердің кірістер бойынша бюджеттік мониторингі жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2014 жылғы 30 желтоқсандағы «Бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) әзірлеу және бекіту (қайта бекіту) қағидалары  және олардың мазмұнына қойылатын талаптар туралы» № 195  бұйрығының негізінде "Алматы облысының қаржы басқармасы" ММ-нің  2020 қаржы жылына 6  бюджеттік бағдарламасының жобасы әзірленіп басқарманың 2019 жылдың 23 желтоқсандағы № 355-н/қ бұйрығымен бекітілді, облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органымен келісілді. Есепті кезең аралығында облыстық бюджеттің нақтылануы мен түзету барысында басқарманың бюджеттік бағдарламалар жобасы  14 болып қайта  бекітілді және Алматы облысының «Ашық бюджеттер» интернет-порталына орналастырылды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігіне ұсынылатын облыс бойынша бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке 2019 қаржы жылы жергілікті бюджеттер бойынша жүргізілген нақтылаулар саны туралы түсіндірме жазба мен жергілікті атқарушы органдарының резерві есебінен жүргізілген шығыстар жөнінде анықтама  жасалынды.

 Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2015 жылғы 25  сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің  және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидалары туралы» № 325 қаулысына сәйкес  облыстық және аудандық (қалалық) жергілікті атқарушы органдарының резерв қаражаттарының пайдаланылуына  талдаулар жасалып,  әр ай сайын облыстық әкімдікке,  экономика және бюджетті жоспарлау басқармасына, төтенше жағдайлар департаментіне ұсынылады.

Облыстық жергілікті атқарушы органының резервінен қаржы бөлуді өтінген Райымбек, Панфилов, Кербұлақ, Қаратал, Көксу, Ақс, Ескелды, Қапшағай, Текелі, Талдықорған аудан(қала) әкімдерінің және облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ішкі істер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму  басқармалары хаттары қарастырылып, тиісті қорытындылар жасалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» № 285 Жарлығына сәйкес және халқтың арасында COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының алдын алу мақсатында облыстық бюджеттен қоғамдық орындарда санитариялық және дезинфекциялық өңдеу, медицина қызметкерлерінің қонақ үй үлгісіндегі мекемелерде тамқтануымен тұратын орындарын, жеке қорғану құралдарын, медицина препараттарын, медицина қызметкерлеріне көтермелеу төлемдеріне және т.б. 611831,5 мың теңге бағытталды. 2020 жылдыың 1 шілдесіне қалған қалдық  1496955,6 мың теңге қаражатты құрайды.

Сонымен қатар, облыстық бюджеттің резервінен қаражат бөлу мәселелерін сапалы шешу мақсатында облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жоспарлы соманы нақтылауға және кіші бағдарламалар арасында жоспарлы тағайындалуларды қайта бөлуге өтінімдер жасалынды. Бекітілген жоспар 523967,0  мың теңге болса, ал өтінімдер негізінде көбейтілген сома 2000000,0 мың теңге, азайтылған 255000,0 мың теңге,  бағытталғаны 772011,4 мың теңге.

Аудандық (қалалық) бюджеттердің және меншікті облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептерге кірістер мен жоғары тұрған бюджеттен берілетін трансферттер бойынша жоспарлары тағайындауларға, бюджет шығыстарының өзара өтелетін кодтарына тексеріп салыстыру жұмыстары жүргізілді. Әр айдың 15, 27 күніне аумақтық қазынашылық органдарымен қалыптастыратын 1-27 нысанындағы есепті  жедел түрде қолда бар деректермен салыстыра тексеріп, анықталған ауытқушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі, орталық мемлекеттік органдары және Қазақстан Республика Қаржы министрлігі жолдаған   барлық тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы қамтамасыз етілді.

Облыс бойынша 20- аудан,  30-Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің  бюджеттің орындалу жылдық, тоқсандық, айлық есептері жинақталып Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне бекіткен уақыттарында есептіліктің төмендегі түрлері тапсырылды:

  1. Облыстың бюджетінің атқарылуы туралы ЕСЕБІ:
  2. Республикалық бюджеттен бөлінген және РБ-тің трансферттері есебінен жүзеге асыралатын нысаналы ағымды трансферттерді, дамытуға және кредиттерге арналған нысаналы трансферттерді жузеге асыру мониторингісінің ЕСЕБІ;
  3. Облыс бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер туралы ЕСЕБІ;
  4. Облыс бойынша ақша шығыстары жоспарларының орындалуы және демеушілік және қайрымдылық көмектен түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы ЕСЕБІ;
  5. Мемлекеттік мекемелердің дебиторлық қарыздар жөніндегі ЕСЕБІ және баланс шоттары бойынша мәлімет беру;
  6. Мемлекеттік мекемелердің кредиторлық қарыздар жөніндегі ЕСЕБІ және баланс шоттары бойынша   мәлімет беру;
  7. Облыстын Шоғырланыдырған қаржылық есептілігі туралы
  8. Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер қаражатың атқарылуы бойынша іс-әрекет мониторингін жүргізу бойынша Үлгілік шаралар тізіміне сәйкес толтырылып, күнделікті олардың нақты орындалуын уақытылы және дұрыс тапсыруды қамтамасыз етілуде.
  9. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің тапсырмасы бойынша тоқсаннан кейінгі айда 20-шы жұлдызына дейін  республикалық бюджеттең бөлінген нысаналы даму, ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану және бюджеттік  инвестициялық жобалардың іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз. 
  10. ҚР Президентінің тапсырмасын іске асыру мақсатында, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен өткен кеңестің 1.5.2) тармағы бойынша ағымдағы жылы экономикада мультипликатвитік әсерді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» және т.б. іске асыруға көзделген қаржы қаражатының уақытында бөлінуін және тиімді игерілуін қамтамасыз ету.

Мемлекеттік мекемелердің қолдау хаты негізінде ағымдағы шот ашуға 2 рұқсат берілді.

               Бірыңғай бюджеттік сыныптаманың бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасы кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды, ауыстыру және (немесе) есептеу бойынша түскен өтінімдерді орындау үшін жыл басынан 18 қорытынды жасалып, мемлекеттік кірістер департаментіне жолданды.

"Алматы облысының қаржы басқармасы" ММ өз жұмысында Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы №413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады. Негізгі функциялары облыстық маңызы бар мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүлкіне билік ету болып табылады:

"Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 09 тамыздағы №920 қаулысына сәйкес облыстық коммуналдық меншіктегі Жекешелендіру объектілерін электрондық сауда арқылы сату.

Электрондық аукциондық сауда-саттыққа 37 автокөлік құралы шығарылды, оның ішінде 31 автокөлігі  8 116,1 мың теңгеге сатылды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларына сәйкес облыстық маңызы бар мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген объектілерді мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру.

Есепті кезеңде мүліктік жалдауға (жалға алуға) берілген объектілердің саны өсу қорытындысымен жалпы ауданы 10,0 мың шаршы метр 252 шартты құрайды.

Облыс бюджетіне 201504 "облыстың коммуналдық меншігіндегі мүлікті жалға беруден түскен кірістер 35118,4 мың теңге.

Ақпарат үшін. 2020 жылдың 1 жарты жылдықа арналған 201504 бюджеттік сыныптама коды бойынша бекітілген түсімдер жоспары 55200,0 мың теңгені құрайды, есепті кезеңге болжамның орындалуы 63,6% құрайды. 

Қазақстан Республикасы аумағында COVID-19 коронавирус тарауы бойынша төтенше жағдай жариялауға байланысты және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 23 наурыздағы Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында мемлекеттік органдарға және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне тиесілі жылжымайтын мүлік объектілері бойынша үш ай мерзімге шағын және орта бизнес субъектілері үшін жалға алу төлемдерін есептеуді ағымдағы жылдың 20 наурызынан бастап тоқтату туралы берілген тапсырмасы негізінде Алматы облысының қаржы басқармасы 154 шағын және орта бизнес субъектілерін жалдау төлемдерінен босатты. Осыған орай, облыстық бюджеттің шығындары 25173,5 мың теңгені құрады, бұл болжамның орындалмауының негізгі себебі болып табылады.

Қазіргі уақытта облыстық коммуналдық меншікте 1947 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде:

 - 607 мемлекеттік мекеме;

- 886 коммуналдық мемлекеттік мекеме;

- 306 коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;

- 108 шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын;

- 3 акционерлік қоғам;

- Жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуымен 39 ЖШС

Есепті кезеңде облыс әкімінің мүлікті республикалық меншіктен коммуналдық меншікке және коммуналдық меншіктен республикалық меншікке беру туралы 53 қолдаухаты дайындалды.

Мемлекеттік меншік объектілерін беруге қатысты облыс әкімдігінің 66 Қаулысы қабылданды.

Сонымен қатар, бөлім мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, мемлекеттің қатысуымен Акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің "Ақпараттық-есептеу орталығы"АҚ қаржылық есептерін тапсыруын тұрақты негізде бақылауды жүзеге асырады.

30.06.2020 жылғы жағдай бойынша есептілікті ұсыну мерзімдері бойынша веб-порталда мемлекеттік кәсіпорындар, АҚ және мем.қатысумен ЖШС үшін даму жоспары бойынша 426 орналастырылған.

Коммуналдық мүлікті есептен шығару бойынша мемлекеттік мекемелерден 16 хат келіп түсті, оның 14-і келісілді .

Тұрақты негізде жоғары тұрған мемлекеттік органдарға және ЖАО-ға ведомстволық бағынысты ұйымдардың шығыстарын оңтайландыру бойынша ақпарат беріледі және ведомстволық бағынысты ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату рәсімдерін аяқтау бойынша жұмыстарға мониторинг жүргізіледі.

2019-2020 жылдарға арналған ЖАО-ның штаттық саны мен шығыстарын оңтайландыру бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, бөлімге 2019 жылы орындау мерзімімен 4 пункт бекітілген, олар мерзімінде орындалды.

Заңды тұлғаны тіркеу және орналасқан мекен-жайы туралы растау үшін 2 анықтама жазылған.

 Бекітілген штаттық кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің штат саны 29 бірліктен тұрады. 2020 жылдың 1 шілдесіне нақты саны 29 мемлекеттік қызметшіні құрайды.

Басқарманың барлық қызметкерлерінің жоғары білімі бар, яғни 100% құрайды.

Мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 44,66 жас.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызметшілер тәртіптік жауапкершілікке тартылмаған.

Біліктілікті арттыру курстарының бекітілген кестесіне сәйкес 2020 жылы 6 мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында 4 қызметкер біліктілігін арттырудан өтті.

Дата публикации
09 июля 2020
Дата обновления
09 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы