Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Қоғамдық денсаулықты сақтау» ЖММ ү.ж. маусым айында «Вакцинацияға –ИӘ», «Темекісіз Қазақстан!», «Астмасыз өмір сүр!», «Обырға бірге қарсы тұрайық!», «Салауатты әдеттер марафоны!», «Денсаулық апталығы», «Денсаулықтың алтын ережелері», «Сау болу сәнді!», «Қауіпсіз өмір!», «Қан қысымын бақылау, өміріңізді қадағалау!», «Салауатты тамақтану үздік білім жолы!», «Салауатты дәрігер, салауатты пациент!», «Өзіңді туберкулезден қорға!» Ұлттық бағдарламалар шеңберінде 154 іс-шара ұйымдастырылып, 5700 адам қамтылды.
Облыстық «Жетісу» газетінде, «Кәсіпкер» журналында 6 мақала жарияланды.
Жіті ішек жұқпаларының алдын алу және нашақорлықтың алдын алу бойынша баннерлік жарнама дайындалып, NUR.kz интернет-порталында жарияланды.
Ұялы байланыстың 37 500 абоненттеріне «Жіті ішек жұқпаларының алдын алу», «Қант диабетінің алдын алу», «Үйлесімді тамақтану» бойынша Ватсап-хабарламалар жіберілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының сайттарына, әлеуметтік желілерге, ютуб каналға СӨС қалыптастыру аспектілері бойынша 245 ақпарат, инфографика, бейне құралдар жарияланды.
«Русское радио Азия» эфирінде және «Жетісу» ТК-да «Жіті ішек жұқпаларының алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» бойынша аудио/бейне роликтер көрсетілді, жалпы шығарылым саны 258 рет.
«Жұқпалы аурулардың алдын алу», «Жұқпалы емес аурулардың алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Дене белсенділігі және салауатты тамақтануды насихаттау», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау», «Жарақаттанудың алдын алу», «Психикалық денсаулық» тақырыптарының 34 түрі бойынша 755 464 дана ақпараттық-оқыту құралдары шығарылды.