Конкурсқа Ақсу ауданында: Қапал-16135 га, Енбекшіқазақ ауданында: Нұра – 12919,38 га, Алмалы – 14420,95 га, Жамбыл ауданында: Үлкен – 31649,84 га, Ескелді ауданында: Березовка-59032 га, Райымбек және Кеген ауданында: Ақтасты-25450 га, Сарыжаз-12870 га, Іле ауданында: Құстөбе-143018, Көксу ауданында: Көксу-30664 га аңшылық алқаптары қойылады. Конкурс 2020 жылдың 22-ші шілдесінде сағат 11.00-де, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі 26 мекенжайы бойынша өтеді.
Қатысушылар конкурстық өтінімдерін конкурс хатшысына 2020 жылғы 13-21 шілде аралығында өткізе алады. Өтінімдер жұмыс күндері 9.00-ден 18.30-ға дейін қабылданады. Конкурсқа жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Конкурс құжаттарын 2020 жылғы 7-21 шілде аралығында (жұмыс күндері) сағат 9.00 – 18.30 дейін алуға болады. Байланыс телефондары: 8 (7282) 32-96-85, 32-93-83.