Меню

Страницы

Статья

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ ЕЛЕУСІЗҰЛЫ СҰЛТАНҒАЗИЕВТІҢ ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті баспасөз қызметкерлері!

Баршаңызды Ұлттық басылым күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ақпан – қазақ баспасөзі үшін ерекше қадірлі ай. Себебі, 2 ақпан – ұлттық баспасөздің бастауында тұрған «Қазақ» газетінің алғашқы саны жарыққа шыққан күн. Өткен жылдың 30 маусымында осы айтулы дата «Ұлттық басылым күні» болып еліміздегі мерекелік күндер тізіміне кірді. Бұл күн тарихи және маңызды датаға айналды.

1913 жылғы 2 ақпанда «Қазақ» газетінің бірінші саны жарық көрді. Ескіліктің шырмауында қалып қоймай, жаңа заманға бейімделіп, өзге халықтар арасында жұлдызы жарық, ұрпағының сауатты да ілгері болуын тілеген Әлихан, Ахмет, Міржақып аталарымыз газетіміздің атын «Қазақ» қойдық деп жарық дүниеге жар салды. Тұтас ұлт бір ту астына жиылып қаншама қантөгіс пен құрбандық көрген, Алаш көсемдері аңсаған Тәуелсіздіктің дәмін біз татып отырмыз. Алаш баспасөзінің туған күнін салтанатпен атап өту әрбір адамның азаматтық борышы. Бұл – қазақтың тілі тас бұғаудан босаған күн. Әлем халықтарымен терезе теңестіреміз деп Ұлттық Тәуелсіз мемлекет құру идеясын алты миллион қазаққа нұсқап көрсеткен, қаймана қазақты өз тілінде бірлікке шақырып, бостандық пен теңдікке үндеген күн.

Ұлттық басылым  - ел бірлігінің сөзін сөйлейтін, өткір оймен мәселенің ағы мен қарасын қатар жариялайтын, тәуелсіз елдің ұлттық құндылықтарын жас ұрпаққа айрықша насихаттайтын  газет-журналдар екені белгілі. Сол себепті қазақ күнтізбесінде Ұлттық басылым күнінің пайда болуы – ел көңіліне үлкен қуаныш ұялатады, жүрегін жылытады.

Дата публикации
02 февраля 2024
Дата обновления
02 февраля 2024
Тип
Баяндама

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы