Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың қорытындысы

Жолаушылар көлігі

 Алматы облысының аумағында 24 тасымалдаушы (сыйымдылығы әртүрлі 526 автобус) жолаушылар мен багажды тасымалдайды. 7 автостанция жұмыс істейді (Үшқоңыр, Алтын орда, Саяхат, Талғар қ., Қонаев қ., Есік қ., Шелек ауылы).

Алматы облысының маршруттық желісіне 105 автобус қатынасы кіреді, оның ішінде 3 облысаралық бағыт, 28 ауданаралық бағыт, 37 ауданішілік (қалаішілік) бағыт, 37 қала маңындағы бағыт.

Алматы агломерациясының қамтылмаған елді мекендерін автобус қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында, «Алматы облысының автобус паркі» ЖШС құрылды.

Өңірдің елді мекендерін автобус қатынасымен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы 23 елді мекенді қамтитын 15 жаңа автобус бағыты ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Алматы қаласы мобилділік басқармасы қала маңындағы 26 елді мекенді қамтитын 8 автобус бағыты іске қосылды.

2023 жылы 33 әлеуметтік маңызы бар маршрутты субсидиялау үшін 5 аудан және 1 қалаға 1 274, 36 тг млн. теңге қаражат бөлінді (2022 ж.- 200 млн.тг):

Еңбекшіқазақ – 35,5 млн. тг;

Қарасай – 273,013 млн.тг;

Талғар – 564,2 млн.тг;

Қонаев – 386,652 млн.тг.

Жамбыл – 15,0 млн.тг.

2023 жылды қорытындылай келе, Қонаев қаласы бойынша – 12 бірлік, Талғар қаласы – 4 бірлік және Қарасай ауданы – 16 бірлік жылжымалы құрамы жаңартылды.

Қоғамдық көлікте төлемдердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Талғар, Еңбекшіқазақ және Қарасай (Alempay) аудандарында, Қонаев қаласы, Жамбыл ауданында (Innovorse Solutions), сондай-ақ, «Алматы облысының автобус паркі» ЖШС мекемесі (Оңай) электрондық билеттеу жүйесі енгізілді.

27 шілдеден "Алматы-Қонаев" қатынасымен қала маңындағы т/ж бағытының жаңартылған жылжымалы құрамы іске қосылып, қазіргі уақытта жолаушы тасымалын үздіксіз жүргізуде (тасымалдаушы "Тұран Экспресс" ЖШС).

 

Автомобиль жолдары

 Облыстың пайдаланымдағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 5 715 км

(оның ішінде: республикалық маңызы бар – 1 783 км, ҮАААЖ – 66 км, облыстық маңызы бар – 3 370 км, аудандық маңызы бар – 496 км).

2023 жылы барлығы 274,3 шқ облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жоспарланған.

2023 жылға бөлінген қаражат 27,4 млрд. теңгені құрады.

Оның ішінде:

  • 5,7 шқ автомобиль жолының құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстарына – 11,7 млрд.теңге.
  • 241,6 шқ автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына –           10,8 млрд.теңге;
  • 27 шқ автомобиль жолдарын маршруттық әдіспен ағымдағы жөндеу жұмыстарына – 4,9 млрд. теңге.

Сонымен қатар, Алматы қаласының шекарасынан ҮАААЖ-ға дейін 5 радиалды жол салынуда. Қазіргі уақытта Саин, Абай, Рысқұлов, Тілендиев және Солтүстік жарты айналма көшелерінің құрылысы жүргізілуде.

Ағымдағы жылы а/ж құрылысына қаражатты игеру – 10,8 млрд. теңге 100% құрады.

Анықтама: 2023 жылға 11,7 млрд. теңге бөлінді. 2023 жылғы 24 қарашадағы РБК нақтылау бойынша 0,9 млрд. теңге алынды.

Объектілер бойынша бөлу:

  • Саин көшесі – 2,8 млрд. теңге бөлінді игерілді – 2,8 млрд. теңге;
  • Тілендиев көшесі – 2,3 млрд. теңге игерілді – 2,3 млрд. теңге;
  • Абай көшесі – 1,8 млрд. теңге бөлінді игерілді – 1,8 млрд. теңге;
  • Рысқұлов көшесі – 1,0 млрд. теңге игерілді – 1,0 млрд. теңге;
  • Солтүстік жарты айналма көшесі – 2,9 млрд. теңге бөлінді игерілді –2,9 млрд. теңге;

Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар 241,6 км-ге автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары уақытынан бұрын аяқталды.

Орташа жөндеуге бөлінген 11,7 млрд. теңге 100% игерілді.

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы