Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – көпке тиген үлес

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – көпке тиген үлес

     Еліміз тәуелсіздігін алып, өз алдына дербес мемлекет атанған 30 жылдан аса уақыт бедерінде еркіндіктің баянды болуы жолында көптеген игі істер жүзеге асырылып, халықтың көзайымына айналумен келе жатқанын қалай мақтаныш етсек те ешкім таласа алмайды. Дей тұрғанмен, еркіміз өзімізге тиіп, бабалардың мұраға қалдырған ұлан байтақ жерімізді еншіледік десек те сыбайлас жемқорлық атты жаман әдеттің жағадан алып, етектен тартып тұрғанын айтпасқа болмайды. Мұның салдары - мемлекетіміздің экономикалық тұрғыда дамуына, халықтың күнкөріс деңгейінің артуына салқынын тигізетіні анық. Бүгінгі таңда қоғамның тамырына түскен жегі құртпен күрес тоқтаусыз жүргізіліп, аяусыз әшкерелуде. Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын,құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттырудың маңызы зор екенін айтқан орынды. Өйткені, Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көрініс деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі таңдағы басты мақсат болып табылады. Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тың серпін беретін «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қолданысқа енгізілгені белгілі. Аталған Жарлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер мен олардың пайда болуының алдын алуда жүйелі әрі тұрақты шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге бағытталғанын қоғамның әрбір азаматы жете білгені жөн. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін керағар құбылыс екендігі күмән тудырмайды. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі осынау керағар құбылыспен күресу болып табылады.

      Сыбайлас  жемқорлықпен күреске арналған іс-шаралар Райымбек ауданында да қызу қолға алынып, қарқынды жүргізіліп келеді. Әр ауылдық округтерде тұрғындармен басқосулар, конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. «Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында баяндамалар жасалынып, азаматтардың ой, пікірлері тыңдалды. Ұсыныстары назарға алынды. Денсаулық сақтау орындарында, білім ошақтарында, мекеме, ұйымдарда құқық қорғау орындарының мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» тақырыбында әңгімелер өткізілді. Мұндай жұмыстар бұдан кейін де тоқтаусыз жүргізіліп, жалғасын таба беретіні анық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу - бәріміздің ортақ парызымыз. Болашағымыздың жарқын, Тәуелсіздігіміздің баянды болуы – сыбайлас жемқорлықсыз қоғам  арқылы жүзеге астынын жан-тәнімізбен сезіне білсек, нұр үстіне, нұр жауғаны. Ал, қоғамның дертіне айналған жаман әдетпен күреспеу – азаматтық арға сын болмақ.

                                                                    Берік ДҮЙСЕНБАЕВ, Райымбек ауданының әкімі.

Дата публикации
17 января 2024
Дата обновления
25 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы