Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Төлеген Кенжебеков «Лудомания-қоғам дерті» тақырыбында семинар өткізді.
Шара, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Алматы облысы бойынша департамент қызметкерлерінің қатысуымен өтті.
Құмар ойынның құрығымен, оның салдары жайында сөз қаузаған Төлеген Кенжебеков, әдеп нормалары негізінде баяндама жасады.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған тиісті жарлықта «әскерилер, полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерге ойын мекемелеріне баруға тыйым салынады, деп анық көрсетілген. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiнде "Қызметтiк мiндеттерiн орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан тартыну", деген тармақша бар»,-деді өз сөзінде Төлеген Кенжебеков.
Спикер, жиын соңында сот жүйесінің қызметкерлеріне заңда көзделген әдеп нормаларын сақтау, барша мемлекеттік қызметкерлерге ортақ міндет екенін еске салды.