Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Т. Кенжебековпен Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, дін істері басқармалары қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, қызметтік әдеп қағидаларын сақтау мәселелері бойынша кездесу өтті.
Жалпы жұмыстан тыс уақытта қызметкерлер өздерін қалай ұстау қажет, мекеменің ішкі еңбек тәртібін сақтау, азаматтармен қарым-қатынас кезінде қарапайымдылық, сыпайылық, әділдік принциптерін басшылыққа алу қажеттігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тарту талап етілді.
Бұдан бөлек, егер мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған болса, заң аясында көмек берілетіндігі айтылды. Өз кезегінде сала қызметкерлерінің жұмыста туындайтын бірқатар ұсыныстары назарға алынды.