Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың IІІ тоқсанындағы атқарылған жұмыс туралы аналитикалық ақпарат

Облыстың атқарушы органдары тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекеттік органдармен, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы және 2022 жылғы 18 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, 262 мемлекеттік қызметтер мен қосалқы қызметтер көрсетеді.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде "электрондық үкімет" веб-порталы мен Мемлекеттік корпорацияны қоспағанда, облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелері 3 830 977 қызмет көрсетті.

Олардың ішінде:

1) көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда 226 813 қызмет көрсеткен немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 5,9 % құрайды;

2) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде – 133 410 көрсетілген немесе 3,5%;

3) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 3 352 208 көрсетілген немесе 87,5%.

Анықтама: Денсаулық сақтау саласында 3 264 412 қызмет көрсетілді немесе 85,2 %

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны - 166.

Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 42 бақылау іс-шараларын өткізді. Бақылау іс – шараларымен 42 объект қамтылды, оның ішінде 31 – жергілікті атқарушы органдар және 11-ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан.

Бақылау іс-шаралары барысында 146 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

- 10 мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін бұзу фактілері;

- 4 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері;

- 1 бекітілген Мемлекеттік қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакеті болмаған кезде Мемлекеттік қызмет көрсету фактілері;

- 125 мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;

- 6 Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері.

"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны www.egov.kz, www.elicense.kz. барлығы – 5 (Эскизді (эскиздік жобаны) келісу, спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру, шақыруды кейінге қалдыру, баланы (балаларды) патронатқа тәрбиелеуге отбасына беру және оларды күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау, қандас мәртебесін беру немесе ұзарту) жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 32 ұсыныс әзірленді.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының жалпы саны – 1459 құрады, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту - 420549 адамды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 21 адам өтті.

Жалпы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатырылатын болады.

 

Дата публикации
20 ноября 2023
Дата обновления
20 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы