Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 73-бабы 6-тармағына сәйкес Алматы облыстық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына келесі кандидаттар тіркелгенін хабарлайды:
Серікжан Іслямұлы Бескемпіров, 1960 жылы туған, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласында тұрады;
Саят Сарқытбайұлы Сақмолдин, 1974 жылы туған, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы, Талдықорған қаласында тұрады.
Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Даутов