Меню

Страницы

Статья

«Психикалық денсаулықты қорғау»

Психикалық денсаулық денсаулықтың ажырамас және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ДДҰ жарғысына сәйкес:"Денсаулық - ауру мен физикалық ақаулардың болмауы ғана емес, толық физикалық, психикалық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы". Бұл анықтаманың маңызды салдары - психикалық денсаулық тек психикалық бұзылулар мен мүгедектік формаларының болмауын ғана білдірмейді. Психикалық денсаулық - адам өзінің қабілеттерін жүзеге асыратын, қарапайым өмірлік күйзелістерге төтеп бере алатын, нәтижелі жұмыс істейтін және қоғамдастыққа үлес қосатын әл-ауқат жағдайы. Психикалық денсаулық жақсы мағынада адамның әл-ауқатының және қоғамның тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.

Денсаулық психологиясы мәселелерінің өзектілігі адамның жүйке жүйесіне, психикасына қазіргі заманда түсетін күштің өсуіне байланысты. Ақпараттық қысым, өмір ырғағының жеделдеуі, адамаралық қатынастардың жағымсыз болуы (тұйықтық, әлеуметтік қолдау деңгейінің төмендеуі, ұлттық, мүліктік, діни алауыздық) – мұның бәрі эмоционалды стрессті әртүрлі аурулардың даму факторларының бірі ретінде қалыптастырады. Белгісіздік жағдайындағы өмір психикалық және психосоматикалық патологияны анықтайды.

ДДҰ мәліметтері бойынша, 19-29 жас аралығындағы әрбір екінші жас адам мазасыздықты немесе депрессияны бастан кешіреді, бұл үрдіс басқа жас топтарына да қатысты. Қыс айларында бұл жағдайлар жиі шиеленісіп, пандемия кезінде халықтың денсаулығына одан да үлкен қауіп төндіруі мүмкін.

Психикалық денсаулықты нығайтуға, оны сақтаудың әдістері мен құралдарына назар аудару мақсатында 34 іс-шара ұйымдастырылып, 3 мыңнан астам жасөспірімдер мен жастар қамтылды. Соның ішінде, жастар денсаулық кабинетінің қызметі аясында С.Асфендияров атындағы ҚазҚМУ коммуникативті дағдылар кафедрасының психолог-лекторы Айжан Құдайбергенованың қатысуымен Қонаев қаласының көпсалалы колледж студенттеріне 5 семинар-тренинг және 4 конференция өткізілді.

22 440 үнпарақ және 2 850 буклет шығарылды.

Дата публикации
30 октября 2023
Дата обновления
30 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы