Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдар тізбесі
«Алматы облысының ветеринария басқармасы мемлекеттік мекемесінің «Ветеринариялық пункттері бар «Балқаш ауданының ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
|
|
|
|
|
1 |
Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жауапты маман, ветеринариялық дәрігер |
● АШЖБ ережелерінің 37- тармағында жануарларды көшіру кезінде АШЖБ деректер енгізілетін (жаңартылған) ақпарат тізбесі көзделген бұл тізбеде ветеринариялық дәрігер жылжытылатын жануарға ілеспе ветеринариялық құжатты көрсетуге (құжатты немесе сілтемені қосуға) міндеттейтін ережелер жоқ, бұл ретте жануарларды жылжыту 3-тармаққа сәйкес ветеринариялық құжаттың сүйемелдеуімен жүзеге асырылады. «ҚР аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидалары» (ҚР АШМ 2015 жылғы 29 мамырдағы № 7-1/496) осылайша,ветеринариялық маман бұрын сату себебі бойынша есептен шығарылған жануарлар туралы деректерді енгізу арқылы АШЖБ базасының мәліметтерін бұрмалауға және осы деректерді бұрмаланған ветеринариялық анықтамаларды беру үшін пайдалануға мүмкіндігі бар жағдайлар туындайды. ●Кәсіпорында қатаң есептілік бланкілерін есепке алу, сақтау және пайдалану жөніндегі нүсқаулық әзірленбеген. Ветеринария басқармасына жүкқұжатпен (накладной) қабылданып алынған анықтама бланкілері ауылдық округтерге вет.пункт меңгерушілерінің өтініші негізінде үлестіріледі. Ветеринариялық нұсқаулықтың болмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғашарттар жасайды.
|
● Мемлекттік қызмет көрсету кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі ● Ақпараттық жүйелердің толыққанды жұмыс істемеуі салдарынан пайдалану кезінде мемлекеттік қызмет көрсету процестерін «қолмен» түзету мүмкіндігі; ● Рұқсат беру функцияларын іске асыру кезінде пайдаланылатын, белгіленген тәртіпті бұзуға әкеп соғатын ақпараттық жүйелердің тиісінше жұмыс істемеуі; ● Жеке және заңды тұлғалармен тікелей байланыс ● Бланкілерді есепке алу бойынша тиісті жұмыс жоспары мен есептіліктің болмауы;
|
|
2 |
Ветеринариялық дәрігер, эпизоотолог, ветеринариялық пункт меңгерушілері |
Балқаш ауданы бойынша 2023 жылы серологиялық зерттеу үшін 265 250 мың сынама қан үлгісін алу және жеткізу жоспарланған. АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қан сынамаларын зерттеу үшін тапсыру алгоритіміне сәйкес, ветеринар мамандар қолма-қол қан сынамаларын VETLAB жүйесін енгізу керек. Алайда бүгінгі күнге дейін қан сынамаларын қағаз жүзінде дайындалатын қосымша қан сынама тізімімен зертханаға тапсырылатыны және VETLAB жүйесінде техникалық ақаулардың жиі орын алатыны анықталды. Бұдан басқа, қан алу жүйесінің (вакумтейнерлер) жетіспеуі салдарынан ветеринар мамандары қан сынамаларын пластик тұмбаға щприцпен алуға мәжбүр. 2023 жыл басынан қан алу жүйесі (вакумтейнерлер) 2 айға ғана жеткен. Анықталған мәселелер жанарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының диагностикасы бойынша ветеринариялық іс -шаралар жоспарын орындау барысында қиыншылықтар туындатады. Бұл жағдай қан сынамаларының толық енгізбеуі факторларына және дұрыс талданбауына және алдағы уақытта жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға кері әсерін тигізеді. |
Практикада проблемаларды анықтау және оларды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу жөніндегі шаралардың болмауы |
|
3 |
Дәріхана қоймасының ветеринариялық дәрігері жіне вет.пункт меңгерушілері |
«Алматы облысы ветеринария басқармасы» тарапынан жүкқұжатпен (накладной) Балқаш ауданының ветеринариялық станциясына жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу мақсатында вакцина дозаларымен жолданады. Вакцинаны ветернариялық станция директорының бұйрығы негізінде құрылған комиссия мүшелерінің тікелей қатысуымен қабылдап алынады. Вакцинаны ауылдық округтерге бөлу жұмысы дәріхана қоймасының ветеринариялық дәрігерінің жүкқұжатпен (накладной) вет.пункт меңгерушілері мен ветеринариялық фельдшер мамандары мен шақыртып, вет.пункт мөрін басумен жүзеге асырылады. Вакцина аудан бойынша АШЖБ дерекқорына енгізілген жануарларға егіледі. Алайда, бүгінгі таңда вакцина егу жұмысы тек әлеуметтік желілерге фото-есеп берумен шекутелген. Вакциналардың дерекқордағы жануарларға егілуі немесе егілмеуінің бақылау жұмысы қатаң сақталмаған. |
Фото және бейне тіркеу бойынша қойылатын талаптардың болмауы. |
|
4 |
Бас есепші |
Аудит барысында ұсынылған құжаттарға сәйкес, Кәсіпорын басшысының 01 шілде 2021 жылғы №27 бұйрығымен Ақдала ауылдық округінің ветеринариялық фельдшері Р.А. Тулеуоваға, 14 қазан 2021 жылы №34 бұйрығымен Бақанас ауылдық округінің вет.фельдшері А.Ж.Жорабекке және Береке ауылдық округінің вет.дәрігері н.А.Айдарға, 07 қыркүйек 2022 жылғы №24 бұйрығымен Балатопар ауылдық округінің ветеринарлық фельдшері Е.К.Аскарбаевқа «Ескерту» түрінде тәртіптік жаза берілген. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 66 бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздіер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптікжаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды. Өз кезегінде берілген тәртіптік жазаны алып тастау туралы жұмыс берушінің актілері шығарылмаған. Алайда көрсетілген заңнама талаптарына қайшы , Кәсіпорын басшысының 24 желтоқсан 2021 жылғы №38 бұйрығымен және 23 желтоқсан 2022 жылғы №26 бұйрығымен қызметкерлерге 128,0 мың теңге (оның ішінде 2021 жылы Р.А.тулеуоваға 18,0 мың теңге, А.Ж.Жорабекке 19,0 мың теңге, Н.А.Айдарға 21,0 мың теңге және 2022 жылы Е.К.Аскарбаевқа 70,0 мың теңге) көлемінде сыйақы негізсіз төленген. Аудит барысында негізсіз төленген қаражаттар қызметкерлер есебінен тиісті бюджет есебіне өтелді. |
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тексеру кезінде бұзушылықтарды анықтау фактілерінің бар болуы; Еңбекақы есептеу және мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау |
|
5 |
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою мамандары |
Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бригадасының мамандары ауланған қаңғыбас иттер мен мысықтарды Бақанас ауылдық округінде орналасқан изоляторға 3 күндік күтімге апарып өткізеді. Осы орайда, АКТ бойынша ауланып келген иттердің барлығы изоляторға келіп жететінін бақылау мүмкін еместігі анықталды. |
Фото және бейне тіркеу бойынша қойылатын талаптардын болмауы |
|
6 |
Кадр маманы |
Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V Еңбек кодексінің 66 бабы 4 тармағына сәйкес, осы Кодексте көзделген негіздіер бойынша еңбек шартын бұзуды қоспағанда, тәртіптікжаза қолдану мерзімі ол қолданылған күннен бастап алты айдан аспайды. Өз кезегінде берілген тәртіптік жазаны алып тастау туралы жұмыс берушінің актілері шығарылмаған.
|
Бос лауазым орнына іріктеу және тағайындау тәртібі мәселелерінің реттелмеуі; Қызметкерлердің қызметтік нұсқаулықтарында белгіленген ережелерін қатаң сақтамауы |