Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардың тізбесі
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: "Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері
|
Тәуекел деңгейі
|
|
Басқарма басшысы |
Лауазымды адамның материалдық қажеттіліктерін немесе өзге де жеке мүдделерін қанағаттандыруға байланысты жеке мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалану |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
Бас бухгалтер |
Қызметкер жұмыс орнында болмаған жағдайда жұмыс уақытына толық ақы төлеу. Кәсіпорынның қызметін бағалау критерийлеріне сәйкес еңбекақы төлеу, қолма-қол ақшаға қол жеткізу |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
|
Жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің бас маманы |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу кезіндегі үлестес болу фактілері |
Фактілер анықталған жоқ |
Жоғары |
"Алматы облысының ішкі саясат басқармасы" ММ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
1.Сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты бөлімшелерді немесе лауазымды адамдарды айқындау;
2.Мекеменің құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығы;
3.Мекеменің адал жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар мен рәсімдерді әзірлеу және практикаға енгізу;
4.Мекеме қызметкерлерінің әдеп және қызметтік мінез-құлық кодексін қабылдау;
5.Мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу;
6. Бейресми есептілік жасауға және жалған құжаттарды пайдалануға жол бермеу.