Меню

Страницы

Статья

КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

     Бүгін, яғни, қыркүйектің 19-ы күні Қонаев қалалық әкімшілігінің мәжіліс залында Алматы облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында 4 маңызды мәселе қаралды.

     Бірінші мәселе бойынша, Қоғамдық кеңес мүшелері Қазақстан Республикасының Қоғамдық кеңес туралы заңының 15- 9 бабының 9 және 10 тармақтарында айқындалған тәртіппен бос тұрған орындарға  жаңа мүшені енгізу туралы қаулыны басшылыққа ала отырып, облысымыздың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан  Съезбек Ақылтаев пен Зинаш Күштекованы  Алматы облыстық Қоғамдық кеңес мүшелігіне бірауыздан қабылдады.

  Екінші мәселе бойынша,  Қонаев қаласының  әкімі Нұрлан Құматаев Қонаев қаласы әкімдігінің 2023 жылы атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, кеңес мүшелерінің сұрақтарына  жауаптар берілді.

    Алматы облысының Білім басқармасы басшысы 06.09.2023ж №42-42/882 «2023 жылға Алматы облысы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» қаулысының жобасын Қоғамдық кеңеске жолдаған еді. Бүгінгі кеңес отырысында сол жоба   туралы Айгүл Маралбаева кеңінен түсініктеме беріп, үшінші мәселе де көпшіліктің қызу талқысына түсті. Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева заңнама аясында талқыға түскен өзекті мәселелер мен қойылған сұрақ-талаптарға жауап берді.

    Сонымен қатар, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқарма басшысы Қоғамдық кеңеске 04.09.2023ж  №40-10/617-4  «Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысының жобасын жолдаған еді. Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-иновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Әділ Әбілдаев қаулының жобасына түсініктеме беріп, төртінші мәселе де кеңес мүшелерінің қолдауына ие болды.

    Қоғамдық кеңес мүшесі болған Ерлан Жақыпов пен Мақсат Кенешовтар, қызметтерінің  ауысуына байланысты кеңес құрамынан шығару туралы дауыс беріліп, бекітілді.

    Қоғамдық кеңестің болашақта атқарар қызметтері өте көп. Ендеше, іске сәт кеңес мүшелері!

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
11 октября 2023
Дата обновления
11 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
21 октября 2026
Paryz.kz
Ақпарат
21 октября 2026
AstanaTV+OrdaFM
Ақпарат
21 октября 2026
Adaladam.kz

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы