Меню

Страницы

Статья

«Дене белсенділігін және салауатты тамақтануды насихаттау»

Сарапшылар жас ағзаның денсаулығы мен физикалық дамуын жақсарту үшін қажетті физикалық белсенділіктің мөлшері мен теңгерімді тамақтану деңгейі төмендегенін анықтады. Сонымен қатар қоғам мен өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтына деген қызығушылығын арттыру халықты өз денсаулығына көңіл бөлуге көбірек тартуға мүмкіндік береді.

«Дені сау ұлт» әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобаның мақсаттарының бірі – халықтың барлық санаттары мен топтары үшін дене шынықтыру және бұқаралық спортпен айналысу үшін жағдай жасау, оның ішінде халықтың спорт нысандарына қолжетімділігін  қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

Қоғамның және халықтың назарын салауатты өмір салтын сақтауға және дене шынықтыруды насихаттауға аудару мақсатында 30 қыркүйекте Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» ұйымдастырылды. Шара аясында мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, ересек тұрғындар 2000 метрге жаппай жүгіруге қатысып, жылжымалы медициналық кешен, флюорография кабинеті, тағам пирамидасы, дәрігерлер кеңесі бар медициналық қалашық қызмет көрсетті, аниматорлардың ойын-сауық бағдарламасын өткізілді.

Сонымен бірге, жыл бойы дене шынықтыру және салауатты тамақтануды насихаттау мақсатында облыстың 2 мыңнан астам жасөспірімдері мен жастарын қамтыған семинарлар, конференциялар, спорттық іс-шаралар өткізілді. 25290 дана ақпараттық-білім беру материалдары шығарылды.

 

Дата публикации
03 октября 2023
Дата обновления
03 октября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы