Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 29 қазанында шығып қалғандардың орнына Іле, Қарасай, Кеген аудандары мен Қонаев қаласында мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтетінін хабарлайды. Бұл сайлау бірмандатты бес сайлау округтері бойынша өтеді.
Шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттарын сайлау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1-тармағында көзделген.
Сайлау іс-шараларын өткізу мерзімдерін аудандардың және Қонаев қаласының тиісті аумақтық сайлау комиссиялары айқындайды.
Алдағы уақытта болатын сайлау туралы толығырақ ақпаратты аудандар мен Қонаев қаласының аумақтық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларынан алуға болады.