Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы арасында Алматы облысының жергілікті мемлекеттік және басқа да органдарының мемлекеттік, азаматтық қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру саласында өзара ынтымақтастық туралы мемарандумына қол қойылды.
Тараптар мынадай жолдармен ынтымақтастықты дамытуды қолдайды:
- Меморандумның мазмұнын жетілдіру мақсатында ынтымақтастық жүзеге асырылатын мәселелер бойынша өзара консультациялар, бірлескен жұмыс кездесулерін, кеңестер өткізу;
- жергілікті мемлекеттік және басқа да органдарының мемлекеттік, азаматтық қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру бойынша ақпараттар мен материалдар алмасу;
- Алматы облысы өңірлеріндегі әдеп жөніндегі уәкілдер мен салалық аумақтық кәсіподақтарының өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылы;
- Меморандумның шарттарын орындау үшін қажетті өзара мүдделі ақпараттар алмасу;
- өзекті мәселелер бойынша бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- мемлекеттік және азаматтық қызметшілерді ақпараттандыру мен мәдениетін арттыруға, тұрғындардың, жергілікті мемлекеттік және басқа да органдарының мемлекеттік, азаматтық қызметшілерінің бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіруге бағытталған баспасөз материалдарын дайындау, жариялау және орналастыру бойынша ынтымақтастық.