Алматы облысындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы ақпарат
2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 6 мәселе қаралып, 55 хаттамалық тапсырмалар шығарумен аудан және қала әкімдіктеріне, сондай-ақ облыстың жауапты мемлекеттік органдарына орындауға жіберілді. Мемлекеттік органдармен барлық тапсырмалар орындалды, II тоқсандағы хаттамалық тапсырмалар орындалуда. Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда.
Ай сайын аудандар мен Қонаев қаласының әкімдіктеріне айдың қорытындысы бойынша Алматы облысының аумағында криминогендік жағдайдың жай-күйі туралы мәліметтер жіберіледі.
Жұмысты ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер облыстың Ведомствоаралық комиссиясының отырыстарында қаралады.
Мысалы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қаралып, облыс аумағында «Профилактика», «Құқықтық тәртіп», «Сіздің құқықтарыңыз қорғалған», «Әйел-отбасылық ошағы», «Отбасындағы зорлық-зомбылық», «Бақытты отбасы» «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз» «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» іс-шаралары жүргізілуде.
Осы іс-шараларды өткізу барысында жұмыс негізінен отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасауға бейім және спирттік ішімдіктерді пайдаланатын адамдарды анықтауға, оларға қатысты жеке профилактикалық жұмыстар жүргізуге бағытталған.
Барлық қалалық, аудандық БАҚ-да, сондай-ақ полицияның барлық учаскелік пункттерінде телефон нөмірлері көрсетілген дағдарыс орталығының жұмыс істеуі туралы ақпарат жарияланды.
Полиция департаменті әзірлеген тұрмыстағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті түсіндіруге және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған 5 әлеуметтік бейнеролик ІІМ, полиция департаменті және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастырылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттылықтың алдын алу мәселесінің өзектілігін ескере отырып, ағымдағы жылдың 6 айында барлық жалпы пайдаланымдағы жолдарға 634 тексеру жүргізілді. Жол-жөндеу мекемелеріне анықталған кемшіліктерді жою туралы 638 нұсқама жіберілді.
Жол мекемелерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері 85 жол белгісі, 4 бағдаршам объектісі, 6 жаяу жүргіншілер өткелінде «қызыл-көк» түсті жапсырма (строб), 16 жаяу жүргіншілер өткелінде жарықтандыру орнатылды, қазіргі уақытта жол таңбасын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
2022-2024 жылдарға «Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасіз ету» кешенді бағдарламасы аясында келесі жұмыстарды атқару қарастырылған:
2110 дана жол белгісін орнату;
4400 шаршы метр жаяу жүргінші өткелдерін жаңарту;
2500 шаршы метр жолақты термопластикпен сызу;
көше жол қиылыстарына 23 бағдаршам объектісін (Қонаев қаласы -5, облыстық жолдарда – 18);
оқу орындардың жанында 259 жол кедергісін;
жаяу жүргіншілер қаупсіздігін қаматамасыз ету мақсатында республикалық маңызды жолдың жарықпен қамтамасыз етілмеген аумақтарында проекциялық 5 жаяу жүргінші өтпелі орнатылды және жыл соңына дейін 20 проекциялық жарықтандырылған жаяу жүргінші өтпелін орнату қарастырылған;
- республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында
5 жер үсті жаяу өткелінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді («Алматы-Бішкек» 23+200 шақ «Долан», 24+600 шақ «Алмалыбак», 28+500 шақ «Ушконыр», 45+500 шақ «Касымбек», «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 23 шақ), 1 жер үсті бұрылу орнының құрылысы жүргізілуде (аяқталу мерзімі 2 тоқсан «Алматы-Бішкек» 18+500 шақ «Асыл Арман») және
2 жер үсті бұрылу орнының жобалық сметалық құжаттары даярлануда («Алматы-Бишкек» 25км «г.Каскелен», 31км «Айтей»);
21 жаяу жүргінші өтпелін жарықтандыру;
апаттық қауіпті аумақтарда 132 стационарлық «СЕРГЕК» аппаратты-бағдарламалық кешендерін орнату жұмыстары басталды және патрульдік автокөліктерге жылжымалы 20 аппаратты-бағдарламалық кешенін сатып алуға конкурс жаряланды.
«Перспектива» ЖШС мекемесімен «Қорғау» қосымшасы сервері орнатылып, патрульдік полиция қызметкерлерінің планшеттеріне 5 бейне бақылау камераларына қосылу жұмыстары жүргізілуде.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғасының алдын алу бойынша жұмыстар жалғастырылуда және бақылауда.
Сонымен бірге 2023 жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу бойынша, оның ішінде мал ұрлығына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мәселе қаралды.
Алматы облысының аумағындағы криминогендік жағдай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жалпы тіркеудің 0,6% - ға (4392-ден 4417-ге дейін) өсуімен сипатталады.
Бұрынғысынша, жедел жағдайдың жай-күйіне бөтеннің мүлкін ұрлау әсер етеді, бұл тіркелген қылмыстардың жалпы санының 33,2% - дан астамын құрайды (4417-ден 1467).
Алматы облысы аграрлық өңір болып табылатындықтан, мал ұрлығы біздің облыс үшін өзекті мәселе болып қала береді.
Жасыратыны жоқ, мал ұрлығын ашу проблемалары халықтың кең тобына әсер етеді, ал оларды ашу бойынша қабылданған шаралар жалпы құқық қорғау органдарының жұмысын бағалауға әсер етеді.
Ұрлық құрылымында олардың үлесі небәрі 9,2% құрайды.
Жалпы, қабылданып жатқан шаралар ағымдағы жылы мал ұрлығын тіркеуді 29,2% - ға (185-тен 131-ге дейін немесе 54 фактіге) төмендетуге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
60 қылмыстық іс аяқталды (2022 ж.-107), 59 қылмыстық іс тоқтатылды (2022 ж.-62).
Осы түрдегі қылмыстардың ашылуы 13,8% - ға төмендеді (62,2-ден 48,8% - ға дейін).
Алдын алуға келетін болсақ, жылдан жылға бақылаусыз мал жаю мәселесі әлі де өткір тұр.
Осылайша, тіркелген мал ұрлығының жалпы санынан 96 факт еркін жайылымнан, 35 факт қоралардан жасалған.
Ағымдағы жылдың басынан бері «Мал ұрлығы» атты 2 мақсатты жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.
Кезекші тәулікте ЖПШ өткізу нәтижесінде мал ұрлығының 3 фактісі, сондай-ақ бұрын жасалған қылмыстардың ішінен 39 факт ашылды, оның 19-ы өткен жылдардағы санаттар.
Барлығы 4 қылмыстық топ ұсталды, олардың құрамында 2-ден 5-ке дейін күдікті адамдар болды.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 545 мал иесіне 2 399 734 теңге сомасында айыппұл салынды, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 151 адам жауапкершілікке тартылып, 1 157 520 теңге сомасында айыппұл салынды, өндіріп алынған айыппұл сомасы 268 260 теңгені құрады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Қонаев қаласында «Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде сервистік тәсілді енгізу» пилоттық жобасы іске асырылуда.
Жұртшылық пен жергілікті мемлекеттік органдарды нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты қолдау жөніндегі жаңа тәсілдер мен шешімдерді әзірлеуге тарту мақсатында Алматы облысы әкімінің 2023 жылғы 17 ақпандағы № 12-ө өкімімен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге сервистік тәсілді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топ құрылды, оның құрамына облыс әкімдігінің, прокуратураның, денсаулық сақтау, білім беру саласының және әлеуметтік қорғау, мәдениет, полиция өкілдері кірді.
Ведомствоаралық топтың 2023 жылға арналған Жарғысы мен жұмыс жоспары бекітілді, сервистік модельді енгізуге және оның жұмысын бақылауға жауапты тұлға болып Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды.
Ведомствоаралық топ мүшелерінің алдында азаматтардың көмегімен құқықтық тәртіп саласындағы проблемаларды бірлесіп анықтау және шешу міндеті тұр. Нақты аумақтарда құқықтық тәртіп пен заңдылықты сақтау бойынша мониторинг жүргізу және жаңа тәсілдер мен шешімдер әзірлеу, қылмыстар мен өзге де құқыққа қайшы әрекеттерді жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдау.
Ведомствоаралық топтың жұмысы үшін жиһазбен, компьютерлік техникамен жабдықталған, қағаз, катридж және кеңсе керек-жарақтарымен қамтамасыз етілген «Қонаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ғимаратында кабинет бөлінді. Жиналыстар өткізуге арналған үй-жай қарастырылған. Кабинеттердің орналасуы топқа жеке және заңды тұлғалармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сараптама тобының қызметі басталғаннан бері келесі негізгі жұмыстар атқарылды:
Бүгінгі таңда ведомствоаралық топ облыстың полиция департаментінің басшылығы мен учаскелік инспекторларының, қоғам қайраткерлерінің, мектеп, колледж директорларының және Қонаев қаласының ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) басшыларының қатысуымен 6 жұмыс кездесуін өткізді;
Ведомствоаралық топ тұрақты негізде қала бойынша белгілі нүктелерді, яғни қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтар жүйелі түрде жасалатын орындарды анықтау үшін аралауды жүзеге асырады;
Жергілікті жерлерде чек-парақтардың талаптарын ескере отырып, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін факторларды анықтауға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді;
2023 жылығы 7 сәуірде ведомствоаралық топ №2 учаскелік инспекторларымен кездесу ұйымдастырып, онда учаскелік инспекторлар сауалнама парақтарын толтырып, өздерінің учаскелерінің проблемаларымен бөлісті, сондай-ақ оларды шешу жолдарын талқылауға қатысты;
сараптама тобының символикасы әзірленді және топ қатысушылары үшін бейджиктер жасалынды;
2023 жылғы 18 сәуірде ведомствоаралық топ, облыстың учаскелік полициясымен бірлесіп отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық қатынастар саласында ақпараттық-консультациялық жұмыс ұйымдастырылды. Жұмыс барысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарды жиі жасау фактісі бар отбасылардың мекенжайлары бойынша көшпелі іс-шара жасалды және тиісінше заңнама нормалары мен құқық бұзушылықтарды қайта жасағаны үшін санкциясы түсіндірілді. Қоғамда мұндай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында аталған жұмыстар туралы мақала бұқаралық ақпараттық құралдарында жарияланды;
2023 жылғы 20 сәуірде көппәтерлі үйлердің тұрғындары ПИК басшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ПИК басшылары тұрғындармен сауалнама жүргізіп, халық үшін сауалнама парақтарымен танысты;
Көпсалалы үздіксіз білім беру колледжінің басшылығымен тығыз ынтымақтастықта бола отырып, ведомствоаралық топ 2023 жылғы 20 мамырда «Жастар арасындағы қауіпсіздік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оның жұмысына колледж директоры А. С. Абугалиева және студенттердің ата-аналары қатысты. Дөңгелек үстелді талқылау барысында келесі мәселелер қаралды, сондай-ақ бақылауға алынды:
1) Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта компьютерлік клубтарда болуы;
2) Отбасындағы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы;
3) Дүкендердің кәмелетке толмаған балаларға алкоголь өнімдерін сатуы;
4) Кәмелетке толмаған балаларға «вейп» (бір реттік) деп аталатын - пайдаланушы дем алатын жоғары дисперсті аэрозольді генерациялайтын электрондық құрылғыларды сату;
5) Оқушылар арасында бопсалау;
6) Сервистік полиция шеңберінде оқушы жастардың еріктілігі.
Сондай-ақ студенттердің ата-аналары арасында жазбаша сауалнама жүргізілді, нәтижесінде қойылған кешенді міндеттерді шешу үшін неғұрлым егжей-тегжейлі талдауды талап ететін әлсіз жақтар анықталды;
2023 жылғы 15 маусымда Қонаев қаласы әкімдігінің ғимаратында сервистік полиция еріктілеріне куәліктер, сондай-ақ еріктілердің ата-аналарына алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Куәліктерді Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов тапсырды. Іс-шараға Алматы облысы Қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелері қатысты;
2023 жылғы 11 тамызда Алматы облысы әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша сервистік тәсілдерді енгізу жөніндегі ведомствоаралық топтың мүшелері Алматы облысы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция қызметкерлерімен бірлесіп жазғы кезеңде «Бала құқы – адам – құқы», «Түнгі қаладағы балалар», «Жасөспірім» және «Назар аударыңыз - балалар!» атты шараларын өткізді.
Аталған іс – шаралардың мақсаты-балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың және заңды өкілдерінің құқық бұзушылыққа жол бермеуі.
Жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, олардың заңды өкілдеріне және 2 компьютерлік клубқа әкімшілік айыппұл салынды;
2023 жылғы 14 тамызда республика аумағында цифрлық технологияларды, әсіресе QR-кодтарды кеңінен қолдануға байланысты сервистік полиция QR-кодтар арқылы сауалнама жүргізу бойынша жұмыс ұйымдастырды.
QR-кодтар қаланың халық көп жиналатын орындарында, учаскелік пункттерде орналастырылды, осылайша азаматтар полицияның жұмысын бағалай алады.
Сонымен қатар, пилоттық аумақтың проблемалық орындарын анықтау бойынша күн сайын жұмыс жүргізілуде, түрлі басқармалардан келіп түсетін ақпарат жиналып, талданады, топтың жұмысы бойынша ұсыныстар талқыланады. Қажеттілік бойынша объектілер мен өзге де проблемалық орындарға шығу жүзеге асырылуда.
Сервистік полиция моделін қалыптастыру бойынша жұмыс тұрақты бақылауда.