Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы
Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқының мемлекеттілігі мен бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың азаматтық белсенділігі мен жағымды әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, аймақтағы ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауға алынып, әлеуметтік шиеленіс ошақтары анықталып, оларды оқшаулау бойынша дер кезінде шаралар қабылдануда.
Сайлау кезеңінде және сайлаудан кейінгі кезеңде әлеуметтік желілер мен барлық интернет-ресурстарға мониторинг күшейтілді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау белсенділігіне тәулік бойына талдамалық шолу жүргізілді. Сайлау кезеңінде анықталған теріс жарияланымдар бойынша жұмыстары атқарылды.
Есепті кезеңде жұмыстар бекітілген Алгоритмге және мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.
Ұйғыр, Райымбек, Балқаш өңірлерінде мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен орналастырылуы бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы бойынша материалдары 2-ші комиссия отырысына дайылдалды.
2023 жылғы 30 мамыр Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның 1-ші отырысы өтті.
Мерекеге орай барлық аудандар мен Қонаев қаласында жоспарланған іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Ж. Мәлибековпен, Дельфий ойындарының қазылар алқасы Б.Ижановпен «Біздің мақтанышымыз» атты кездесу ұйымдастырылды, «Мемлекеттік туым-менінң мақтанышым» атты челлендж өткізілді, оған 2000 мың адам қатысты және т.б. іс-шаралар өткізілді. Барлық өткен іс-шаралар БАҚ-та, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.
Облыс орталығы Қонаев қ. мен барлық аудандарда халық көп жиналатын және қоғамдық орындарда бір мезгілде Мемлекеттік Әнұранның орындалуы ұйымдастырылды.
Бірінші жартыжылдық бойынша әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде 1759 теріс жарияланымдар анықталды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 864, жол және көлік – 675, ауыл шаруашылық, жер экология -64, денсаулық сақтау – 42, білім беру – 77, әлеуметтік -12, жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеті бойынша – 25.
Рұқсат етілмеген митингілер мен шерулердің алдын алу мақсатында тұрақты іс-шаралар жүргізілуде, есептік кезеңде 20 митингтер мен пикеттер өткізуге хабарламалар түсті, оларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан заңнамаға сәйкес жауаптар берілген.
Облыс тұрғындарының проблемаларға қатысты наразылық жиындары өтті (газдандыру, ауыз сумен қамту, электр қуатын өшіру, қоқыс полигондарының қызметіне және т.б.).
Анықтама үшін: 1 жартыжылдық бойынша 6 аудандарда және Қонаев қ. азаматтардың 140 жиыны өтті (Іле – 16, Қарасай – 63, Талғар – 16, Еңбекшіқазақ – 22, Жамбыл-10, Қонаев қ.-11).
Халықарасындағы наразылық тұдыратын негізгі себептері: ТКШ (37), жол (11), жер (35), саяжай (9), ауыз су (18), білім саласы (7), қоғамдық көлік (4) және басқалары (19).
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар жергілікті жерлерде қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында күшейтілген мониторинг жүргізілуде. Күнделікті Президент Әкімшілігіне болуы мүмкін наразылықтар туралы ақпарат берілуде.
Құқық қорғау органдарымен бірлесе жеке тұлғалармен (белсенділер, наразылық білдірушілер және т.б.) олардың деструктивті әрекеттерін болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
Халықты жинау фактілерін азайту жөніндегі іс-қимыл жоспарының Алгоритмі бекітілді, жергілікті атқарушы органдардың тарапынан осы бойынша профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады.
Ішкі саясат басқармасын сараптау қызметімен қамтамасыз етуді «Талдау және болжау орталығы» КММ жүзеге асырады.
Анықтама үшін: 1-ші жартыжылдықта жүргізілген зерттеулер бойынша: 2 онлайн сауалнама және 6 сандық сауалнама жүргізілді, оған 7214 респондент қатысты.
Қамтылған тақырыптар төмендегідей:
Орталық қаңтар айынан бастап 9 аудан, Қонаев қаласы әкімдіктері мен басқармалардың теріс жарияланымдар бойынша жұмысына апта сайын рейтинг жүргізіп, әлеуметтік желілерде оларға жауап беру туралы жұмыстарды ұйымдастыруда.
Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі - Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы
Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы «Қоғамдық келісім» КММ-мен І жартыжылдықта облыс бойынша 530-ға жуық іс-шара ұйымдастырып, барлық іс-шараға 70000-нан астам адам қамтылды.
Алматы облысында 105 этнос тұрады. Облыс көлемінде барлығы 36 этномәдени бірлестік бар. Олардың 24 тіркелген, 12 тіркелмеген этномәдени бірлестіктер болып табылады.
Облыстық этномәдени бірлестіктер – 10, Аудандық – 22 (12 –тіркелген, 10 тіркелмеген). Қалалық этномәдени бірлестік – 4 (2- тіркелген, 2- тіркелмеген). Алматы облысының этномәдени бірлестіктері мен орталықтары I тоқсанда: 62 іс-шара ұйымдастырып (4 облыстық, 13 аудандық, 3 қалалық), 1234 адам қамтыды.
Аналар кеңесі:
Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері – 1 облыстық (15 мүше), 1 қалалық – (11 мүше), 9 аудандық – (66 мүшесі), 135 ауылдық округтерде – (846 мүшесі) бар. Жалпы 149 Аналар кеңестері құрылған (мүшелерінің саны –943).
І жартыжылдықта 258-га жуық шара ұйымдастырылып, 15 000 - нан астам адам қамтылды.
Ақсақалдар кеңестері:
Алматы облысында 141 Ақсақалдар кеңестері жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, 1 облыстық, 1 қалалық, 9 аудандық, 130 ауылдық деңгейде Ақсақалар кеңестері жұмыс істейді. Мүшелер саны 837 адам.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығында барлық Ақсақалдар кеңестері облыс бойынша 1500 адам қамтылған әр түрлі деңгейдегі 50 іс-шара өткізді, Олар: әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, жетімдерге көмек көрсету және т.б. іс-шаралар өткізді.
Медиация қызметі:
Алматы облысы бойынша 1 медиация кабинеті, 18 медиативтік алаң бар. Облыс бойынша ҚХА жанында реестрда 26 медиатор (2 кәсіби, 24 қоғамдық медиаторлар) тіркелген. І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 17 іс-шара өткізіліп, 648 адам қамтылды.
Қонаев қаласы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Медиация кабинетінің «Ашық есік күні» акциясы өтті. Қоғамдық медиаторлар медиация саласы бойынша көмекке жүгінген азаматтарға консультация берді. 25 ақпанда Қонаев қаласы қалалық саябақта «Қазақстанның орыс, славян, казак қауымдастығы» ЗТБ Алматы облысытық филиалының ұйымдастыруымен «Масленица – қысты шығарып салу» халықтық серуені ұйымдастырылды.
1 наурыз алғыс айту күнін атап өту бойынша кешенді жоспар жасалып, 10 күндік жарияланды. Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, жастар, қоғамдық ұйымдар, этномәдени орталықтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында «Бір ұлт. Бір мақсат. Бір құндылық» тақырыбында шешен, күрд, орыс, тәжік, корей, ұйғыр этномәдени орталықтары мәдениеттерін, дәстүрлерін дәріптейтін қолөнер шеберлерінің және ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырды. Шараға жалпы 200-ден аса адам қамтылды.
Қайырымдылық қызметі:
Жалпы 2023 жылдын І жартыжылдықта: 544 – жеке тұлғаларға, оның ішінде 250 – аз қамтылған отбасыларға, 4 - мүгедек, 11 – жалғыз басты қарт адамдарға – 6 млн. 365500 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
«Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Алматы облыстық ҚХА мүшелерімен этномәдени бірлестіктерінің үйымдастыруымен Түркия еліндегі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас халықтарға көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша: 28 331 100 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, және де 16 жүк көлік (фура) гуманитарлық көмек жіберілді. Сонын ішінде: Түрік «Ахысқа» этномәдени орталығының жетекшісі Гвиняшев Рафик Яшаоглы өз атынан 507000 теңге жиберді.Ұйғыр этномәдени орталығы азық –түлік,киім-кешектен басқа Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының жеке счетіне 1.005.000 теңге жіберілді. Тәжік этномәдени бірлестігі сбор ашты, 1 342 000 тенге 25 сағат ішінде жиналды.Сонымен қатар этномәдени орталықтардан атап айтқанда түрік, күрд ЭМО - нан гуманитарлық және қаржылай көмек жіберілді (күрд ЭМО 980 мың теңге).
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы
Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес Алматы облысында 373 үкіметтік емес ұйым (253 Қоғамдық бірлестік, 120 Қоғамдық қор) тіркелген және қызмет атқарады.
Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және т.б.
Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.
2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін 62 млн. теңге қаржы қарастырылуда.
Қазіргі уақытта МӘТ тақырыптары қалыптастырылып, конкурс өткізу жоспарлануда.
Ақпараттық сүйемелдеу туралы
2023 жылдың 1 жартыжылдығында облыста 23 бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 18 мерзімді баспа басылымдары (15 газет, 3 журнал), 1 радио, 2 интернет БАҚ, 1 кабельдік телеарна, 1 әлеуметтік басылым.
Сайлау кезінде ақпараттық жұмысты үйлестіру үшін облыстық ақпараттық штаб жұмыс істеді. БАҚ, әлеуметтік желілер, Интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілді. Халықтың сайлау белсенділігін арттыру мақсатында кең ауқымды ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргізілді.
Барлық ақпараттық ресурстар (ТРК, баспа басылымдары, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер) жұмылдырылды, республикалық БАҚ, ақпараттық агенттіктер тартылды.
Сайлау күніндегі негізгі оң ақпарат жетекшілері: ҰОС қатысушыларының, аймақтың ұзақ өмір сүрушілерінің, көп балалы аналардың, жас жұбайлардың дауыс беруі, ретро автомобильдер шеруі, «барыстың» дауыс беруі және т. б.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты ақпараттандыру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, 10 мыңнан астам материал жарық көрді. «Жетісу» телеарнасында 461 сюжет, баспа БАҚ-та 500-ден астам мақала, интернет-ресурстарда 7260-тан астам материал, әлеуметтік желілерде 9000 жарияланым, радиода 426 аудиролик орналастырылды.
Сайлау алдындағы сүйемелдеуді ұйымдастыру шеңберінде аумақтық сайлау комитетінің желісі бойынша дауыс беру күні туралы ақпараттық сипаттағы 236 баннер, саяси партиялардың 377 үгіт баннері ілінді. БАҚ мониторингінің нәтижелері бойынша барлық саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстары біркелкі жариялануда. Үгіт-насихат плакаттарын орналастыру үшін 200-ден астам орын анықталып, 60 000-нан астам ілінді.Сайлау күні 30 республикалық сайттарға, 300-ден астам облыстық сайт, инстаграм парақшаларына мәліметтер, 20 000-нан астам сілтеме шықты. 47 бейнеролик, 53 афиша жарияланды.
20-22 наурыз аралығында интернет-ресурстарда сайлаудың ашықтығы және әділ өткендігі туралы бейнежазба, афиша дайындалып, 700-ге жуық сілтеме жиналды.
Сарапшыларды, қоғамдық ұйым өкілдерін, байқаушыларды тарта отырып, сайлау науқанының қорытындыларын талқылау төңірегінде оң ақпараттық фон қалыптастыру бойынша әлеуметтік желілерде сайланған кандидаттарды қолдау мақсатында 1229 материал шықты, сонымен қатар сайлау науқанының қорытындылары туралы 2150 сілтемелер орналастырылды.
Ағымдағы жылдың 26 маусымында бақ қызметкерлері күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараға үздік республикалық телеарналардың, сайттар мен газеттердің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, «Алатау арайы», «Огни алатау» облыстық газеттерінің журналистері алғыс хаттармен марапатталды.
Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар жоспарланып, іске асырылуда.
Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылды және оның іске асырылуы қамтамасыз етілуде.
Мемлекеттік мерекелерді мерекелеуге арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік жоспар дайындалды. Жоспарға сәйкес барлық елді мекендерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне маңызды қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар жоспары апта сайын жолдануда.
Күнделікті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысын іске асыру қамтамасыз етілуде. Жыл басынан 95 өтініш келіп түсіп, уақытында жауаптары берілуде. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасына және Алматы облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөліміне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері бойынша апталық, айлық, тоқсандық есептер берілуде.
Басқармада құжат айналымы бойынша барлығы 2010 кіріс құжат, 1005 шығыс құжат тіркелді.
Басқарманың ресми сайтына, әлеуметтік желілерге атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттар тұрақты түрде орналастырылуда.
Жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау
бөлімі
Облыс халқының 451 мыңы, яғни 28%-ы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар.
Жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2023 жылы жалпы 448,8 млн.теңге қарастырылған (Жастар орталығының қызметтік қажеттілігі үшін 194,8 млн.теңге, жобалар мен іс-шараларға 68 млн.теңге және «Жасыл ел» бағдарламасына 150,0 млн.теңге).
Оның ішінде 36 млн.теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінді.
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы аясында жүргізілуде.
Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда 1 облыстық, 9 аудандық жастар ресурстық орталықтары және 136 ауылдық округте әдіскер – нұсқаушы қызмет атқаруда.
Бұл бағыттағы жұмыстар түрлі санаттағы жастардың ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып жүргізіледі.
Атап айтсақ:
2023 жылғы І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 73 мың адамды қамтылған, 2500 іс–шаралар өткізілген.
Облыста «Алатау жастары» жеңілдетілген несие беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаны іске асыру үшін 2022 жылы 60 пәтерге 600 млн. теңге бөлінді. (Бүгінгі күні 49 адамның құжаты қабылданып, 16 адам пәтер алды).
2023 жылы 3,6 млрд.теңге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.
2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде 2023 жылға республикалық бюджет есебінен Алматы облысына жастардың кәсіпкерлік бастамасына қолдау көрсету үшін 5 млн.теңгеге дейін 375 қатысушыға 1,9 млрд. теңге бөлу көзделген (сыйақы мөлшерлемесі 2,5%)
Бүгінгі күні 277 өтінім түсіп, 170 өтінім мақұлданып, 60 адам несие алды.
Анықтама үшін: Жастарға берілетін микрокредиттер сенім білдірілген өкіл (агент) - "Аграрлық кредиттік корпорация" АҚ арқылы беріледі.
Жастардың бос уақытын қамтып, ақпараттық орталық қалыптастыру мақсатында 4 ауданда: Балқаш, Райымбек, Қарасай, Кеген аудандарында Жастарға қызмет көрсету орталығы салынуда.
2023 жылғы 1 жартыжылдықтағы ақпарат бойынша NEET санатындағы жастар саны 8,9%-ды, 35 210 адамды құрады.
Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда.
Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы 150 млн. теңге бөлінген, 1365 адам қамтылады деп жоспарлануда.
Жастарды жұмыспен қамту, жеке кеңес беру, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін азайту, мемлекеттік қолдаулар бойынша ақпарат беру мақсатында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі, «Есіктен есікке» акциялары аясында 29 шара өткізіліп, 1700-ге жуық адам қамтылды.
Сондай-ақ, республикалық «Тұлға бол» жылжымалы жәрмеңкесі және облыстық «Кеңес» орталығы жобалары бастау алып, облыс көлемінде 10 шара өткізілді. Бұл жобалар аясында 2000-ға жуық жастар қамтылды.
QR код арқылы «Жастарға ақпарат» жобасы бастау алды. Жоба аясында 18 мың флаер әзірленді.
Сондай-ақ, жастар арасында кибербуллингтің алдын алу мақсатында «Сақтықта қорлық жоқ» жобасы іске қосылды, жоба аясында тіркеуде тұрған жастарды сот процестеріне қатыстыру болып табылады.
Облыс көлемінде ұлттық мәдениет пен тілді және салт-дәстүрді сақтау мақсатында «Дәстүрден тағылым» командалық байқауы өткізілді.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған облыстық «Үлгілі отбасы» жас отбасылар байқауы өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, «Адам ресурстарын басқару: ынталандыру, бағалау және таланттарды тарту» атты көшпелі форумы өткізілді.
Жастардың өнерін дамыту, олардың шыңдау мақсатында жастардан құралған аудан, қала әкімдерінің кубогі үшін «Жайдарлы Jaidarman» ойындары өткізілді.
Алматы облысы бойынша «Жалынды жастар – ел болашағы» атты жастар істері жөніндегі комитет төрағалары слеті және «Ел болашағы - жастар» тақырыбында облыстық жастар істері жөніндегі әдіскер-нұсқаушылар слеті өткізілді.
Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында облыс көлемінде «KinoGO» кешкі кино көрсетілімі мен жастардың өнерін дамыту мақсатында «Шығармашылық аллеясы» жобасы тұрақты түрде айына 4 рет ұйымдастырылып тұрады.
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру бағытында
жүргізілген жұмыстар
Алматы облысында «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізілуде.
2023 жылдың І жартыжылдығы бойынша өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға бағытталған 310-ға жуық іс-шаралар мен жобалар ұйымдастырылды. Жалпы қамту саны – 379 679 адам.
«Туған жер» арнайы жобасы аясында 38 мыңнан астам адамның қатысуымен 44 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы Қаражота, Сарыбұлақ ауылдарында шүлеңгер мен жергілікті тұрғын демеуішілігімен мешіттің қасынан сыйымдылығы 200-300 адамды құрайтын құны 20 млн.теңгеге қатымхана салынды, кіреберіс автожолдағы ауылдың атауы жаңартылды.
Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен округке 1 млн.теңге қаражатқа 25 түп жеміс ағаштарын, 130 түп қайың ағашы отырғызылды.
Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округі, Талдыбұлақ ауылында облысқа белгілі шүлеңгер Сүлейменов Асқар Фазылұлы және жергілікті тұрғындардың демеушілігімен, Панфилов ауылдық округінде Қызыл Ту ауылында жеке кәсіпкер Чиникеев Талғат Орынбасарұлының демеушілігімен құны 20 млн.теңгеге мешіт салынып қолданысқа берілді.
Гүлдала ауылдық округі, Гүлдала ауылында жеке кәсіпкер Сасиков Алишер Султанмуратович демеушілігімен «SULTAN GULDALA KURES MEKTEBI» ашылды.
Райымбек ауданы Сарыжаз ауылының әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға шүлеңгердің көмегімен 9 млн.теңге қаражатқа үй салынып, қолданысқа берілді.
Шәлкөде ауылында шағын футбол алаңында 500 мың теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қолданысқа берілді.
Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің қызметкерлері 9 мамыр – Жеңіс күніне орай қала тұрғындарына ардагерлерге тағзым етуге үндейтін «Жеңіс белгісін» таратты.
Алматы облысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 24 қараша күні қабылдаған № 456 Жарлығына сәйкес биыл 2023 жылы ғылыми зерттеушілер мен құзырлы орган мамандарын тарта отырып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жаңа облыстық комиссия құрылды (құрамы 20 адам).
Комиссия құрамына облыстық мәслихат, қоғамдық кеңестердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері енгізілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстарына қорытынды дайындау, мұрағат көздері мен басқа да материалдарды жинау, зерделеу жөніндегі 5 жұмыс топтарының құрамы жасақталды. Жергілікті бюджет есебінен 2023 жылға 23 млн.теңге қарастырылды.
Сондай-ақ 4 маусым – Қазақстан мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті. Республикамыздың рәміздер күнінде 30*15 м көлемдегі Қазақстан туы көрсетіліп, «Мемлекеттік туым – менің мақтанышым» атты ауқымды челлендж түсірілді.
Аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Замандарды жалғастырған заңғар» атты ауыл тұрғындарына арналған әдеби кеш, «Құс қанатты ән ғұмыр» атты байқау, «Ерлік-ұрпаққа мұра» атты тақырыптық кеш, «Кітап- тарих, шежіре», «Дос еттім қазақтың қара өлеңін» атты облыстық семинар өткізілді.
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасы аясында 16 мыңға жуық адамның қатысуымен 13 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Қонаев қалалық мәдениет үйінде Алматы облыстық білім басқармасымен "Ұлттық құндылықтар академиясы қоғамдық бірлестігінің бірлескен Кеңесі" өтті.
Алматы облысының жастар ресурстық орталығы Қонаев қаласының ақын-жазушыларын таныстыру мақсатында жергілікті ақын-жазушылардың шығармашылық кешін ұйымдастырды.
Аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Қазақстан – мейірімділік мекені» – кітапқұмарлар өлкесі» атты еркін кітап алмасу акциясы, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жыр мухитының алып кемесі», «Ұлы даланың ұлы қыздары» атты кітап көрмелері, «Ана тілім – баға жетпес асылым» атты сайыс өткізілді.
«Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі» арнайы жобасы бойынша 9 мыңға жуық адамның қатысуымен 9 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылық – баға жетпес байлығымыз» атты танымдық сағаты, «Латын әрпі болашақ бағдары» атты кітап көрмесі, «Жаңа әліпби мен жаңа емле ережелері» атты жас мамандармен дөңгелек үстел, «Латынға көшу – өркениетке қадам» атты семинар және т.б. өткізілді.
«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында 97 мыңға жуық адамның қатысуымен 58 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Алматы облысы «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қарадала және Кеген өңірлері: тарихы және қазіргі заман» атты экспедиция өтті. Экспедиция барысында, ұлы даланың мәдени – тарихи құндылықтарын, ежелгі дәуірдегі археологиялық ескерткіштерді зерделеу әлемдік мәдениет пен өнер мән мәтінінде ұлттық дәстүрлер мен жетістіктерді жаңғырту, дамыту, танымал ету мақсатында Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Археология институты, Әл-Фараби қазақ ұлттық университеті және Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғалымдары, профессорлары және ғылыми қызметкерлері Ұйғыр және Кеген аудандарының аумағында үш күн бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Аудан, қала әкімдіктерімен Дінмұхамед Қонаевтың 111 жылдығына орай «Дінмұхамед Қонаев – ұлттың ары мен намысы» атты конференция, Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай «Дәстүрлі ән» байқауы, Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Күй атасы – Құрманғазы» атты Айман Ақбаевамен кездесу, Ақан сері Қорамсаұлының 180 жылдығына орай Талғат Әбуғазымен кездесу, Халел Досмұхамедұлының 140 жылдығына орай «Ғибратты ғалым – Халел» атты дөңгелек үстел, Қожеке Назарұлының 200 жылдығына орай Алматы облысы мәдениет басқармасының экспедициясы, А. Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Ахмет мұрасы – алтын қазына» атты конференция, М.Мақатаевтың 92 жылдығына орай оқырмандар арасында «Есіңе мені алғайсың» атты поэзия кеші өткізілді.
«Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында 23 мыңға жуық адамның қатысуымен 9 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Іле ауданы Чапаев ауылдық округінде КСРО және Қазақстанның Халық әртісі, КСРО және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, режиссер, есімі барша жұртқа мәшhүр Асанәлі Әшімов биыл 86 жасқа толуына орай желі оқырмандарына фото-галерея бейне шолуын ұсынды.
Аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Театр бүгінгі мәдениеттің қара шаңырағы» атты кездесу, «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» атты тақырыптық шолу, «Шоқан музейі және Шиірбай бастаулары» атты мемориалдық музейге экскурсия, «Шеберлер қаласы» атты қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі, «Қазақ детективінің дарабозы» атты фильмінің көрсетілімі өтті.
«Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» арнайы жобасы аясында 11 мыңға жуық адамның қатысуымен 12 іс-шара ұйымдастырылды.
Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен жастарымызды жаңа жеңістерге жігерлендіру, ақылымен, дарынымен заманауи қазақстандық қоғамды қалыптастыруға үлес қосқан тұлғаларды таныстыру мақсатында «100 жаңа есім Қазақстанның жаңа келбеті» атты жастармен кездесу, көрнекті ақын, ағартушы, ұлт қайраткерлерімен «Тарихи тұлға – Таңжарық» атты кездесу өткізілді. Қонаев қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «100 жаңа есім Қазақстанның жаңа келбеті» атты жастармен кездесу өткізілді.
«Қазақстанның киелі жерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 15 мыңға жуық адамның қатысуымен 7 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудан қала әкімдігі әкімдігінің ұйымдастыруымен Шарын өзенінің аңғарында Шаған тоғайына саяхат жасалды. Сонымен қатар, қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф Шоқан Уәлихановтың мұражайына экскурсия ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Саты ауылындағы I-IV ғ.б. үңгір петроглифтері зерттеліп, Сүмбе ауылындағы үйсін және сақ қорғандарының археологиялық объектілерінде, «Құмтекей» қалашықтарында, «Ереуіл төбе» жерінде экспедиция жұмыстары жүргізілді.
«Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында 23 мыңға жуық адамның қатысуымен 21 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудан, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен «Қол өнер түрлері» атты қолөнер байқауы, «Ұлттық рухы ұлттық өңірде» атты конференция, «Шығыс шертпелері сыр шертеді» атты күйші Әмзебек Жұмабекұлымен кездесу, «Ғасырлар үні» атты ән кеші өткізілді.
«Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасы аясында 2 мыңнан астам адамның қатысуымен 4 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Іле ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты виртуалды саяхат, Райымбек ауданының әкімдігімен «Түркі халықтарының мәдениеті мен өнері» атты онлайн тарихи сағат, Талғар ауданының әкімдігімен «Түркі әлемінің мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткізіліп және Жамбыл ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні салтанатты түрде аталып өтті.
«Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында 41 мыңға жуық адамның қатысуымен 32 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Ұйғыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қарадаланың төсінде ұлттық спортты дамыту, федерация басшыларының идеяларын біріктіру мақсатында қазақтың ұлттық ат спорты және басқа да ұлттық спорт түрлерінен облыстық чемпионат өткізілді. Шараға облысымыздың қала және аудандарынан 8 команда, 200 – ге жуық спортшылар қатысты. Шара барысында қатысушылар көкпар, жамбы ату, теңге ілуден ат тектілігін көрсету, грек-рим күресі, қыздар және ерлер арасында дәстүрлі садақ ату, құмай тазынының шырғаға тарту сиқылы ұлттық спорт түрлерінен жарысқа түсті.
«Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жобасы 32 мыңға жуық адамның қатысуымен 37 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудан, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі әнді дәріптеу мақсатында «Домбыра ән салу» үйірмесінің шәкірттері мен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Рамазан Стамғазиевпен кездесу өткізілді.
Сондай-ақ Жамбыл аудандық мәдениет үйінде Роза Әлқожаның шығармашылық кеші өтті. «Музыка аспаптар әлемінде» және «Ұрпаққа мұра» атты әдеби сазды кеш өткізілді.
«Архив-2025» арнайы жобасы аясында 965 адамның қатысуымен 1 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, «Алматы облысыының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ және Кеген ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жалпы ұлттық патриот» атты мектеп оқушыларының тарихи шығармашылық жұмыстарынан жинақталған онлайн көрмесі назарға ұсынылды.
«Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 10 мыңға жуық адамның қатысуымен 8 іс-шара ұйымдастырылды.
«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында 46 мыңға жуық адамның қатысуымен 41 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлттық киімдерін насихаттау, ұлтымыздың мұрасын сақтауға үлес қосу, заманауй үлгідегі ұлттық киімдерді қалыптастыру, отандық сән индустриясын дамыту, жаңа атаулар мен брендтерді ашу және қолдау, ұлттық мәдениеттерді насихаттау және ұлттық костюм жасау саласындағы халықтардың шығармашылық жетістіктерін дәріптеу, қазақ ұлттық дәстүрлерін сақтау мақсатында өткен «Ulttyq kiim – ult ainasy» атты республикалық ұлттық киімдер байқауына еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 20-ға жуық қатысушы 2 кезең бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы қалаларының тумалары болды.
Аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылық – баға жетпес байлық» атты танымдық сағат, «Қазақтың ұлттық ою-өрнектері» атты мектеп оқушылары арасында байқау, «Салт дәстүрім ұлттық қазынам» атты шара өткізілді.
«Үнем – қоғам қуаты» арнайы жобасы аясында 5 мыңға жуық адамның қатысуымен 2 іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аудан, қала әкімдіктерімен «Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі», «Су – тіршілік көзі» атты экологиялық сағаты өткізілді.
«Еңбек – елдің мұраты» арнайы жобасы аясында 9 мыңға жуық адамның қатысуымен 5 іс-шара ұйымдастырылды.
Оның ішінде аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Қарымды қаламгер» атты шебер қолмен танымдық кеші, «Ер жігіт – ел қорғаны» атты жиын және бірқатар іс-шаралар өткізілді.
«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында 6 мыңға жуық адамның қатысуымен 7 іс-шара ұйымдастырылды.
Атап айтқанда, аудан, қала әкімдіктерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықсыз жарқын болашақ» пікірсайыс ойындары, «Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары» атты кездесу, Жемқорлық – ғасыр дерті» кітап көрмесі, «Жемқорлық - қоғам дерті» атты видеоақпарат, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер» атты танымдық сағаты өткізілді.
Ақпараттық жұмыс. Жыл басынан облыстық «Алатау арайы», «Огни Алатау» газеттерінде және аудан, қалалық басылымдарда 37 тематикалық мақала жарық көріп, ірі республикалық және облыстық интернет-БАҚ-та 193 материал жарияланса, облыстық «Жетісу», «31 арна» телеарнасында 20-дан астам бейнесюжет көрсетілді.
«Facebook», «Instagram», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі «Qonev_akimdigi» және «Qonaev_qapshagay» пабликтерінде жарияланған мақалаларға желі пайдаланушылар оң пікірлерін қалдырған.
«Қоғамдық келісім және даму орталығы» КММ әлеуметтік желілерінде – Instagram (5963 оқырман), ВКонтакте (6420 оқырман) және Facebook (1510 оқырман) ақпараттар бейнехостингтегі Youtube арнасында үнемі жаңартылып отырады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.