Облыстың атқарушы органдары тарапынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Мемлекеттік органдармен, оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.
Облыстың жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы және 2022 жылғы 18 мамырдағы өзгерістер мен толықтырулармен енгізілген №39/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес, 286 мемлекеттік қызметтер мен қосалқы қызметтер көрсетеді.
Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде "электрондық үкімет" веб-порталы мен Мемлекеттік корпорацияны қоспағанда, облыстың мемлекеттік органдары мен мекемелері 2 892 299 қызмет көрсетті.
Олардың ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда 54 038 қызмет көрсеткен немесе көрсетілген қызметтердің жалпы санының 1,9 % құрайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз электрондық түрде – 149 908 көрсетілген немесе 5,2%;
3) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде – 2 688 353 көрсетілген немесе 92,9%.
Анықтама: Денсаулық сақтау саласында 2615801қызмет көрсетілді немесе 90,4 %
Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тарту саны - 699.
Жергілікті атқарушы органдар ағымдағы жылдың есепті кезеңінде барлығы 63 бақылау іс-шараларын өткізді. Бақылау іс – шараларымен 63 объект қамтылды, оның ішінде 41 – жергілікті атқарушы органдар және 22-ведомстволық бағынысты ұйымдар тарапынан.
Бақылау іс-шаралары барысында 377 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
- 12 мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдерін бұзу фактілері;
- 4 мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту фактілері;
- 2 бекітілген Мемлекеттік қызмет стандартында көзделген құжаттардың толық пакеті болмаған кезде Мемлекеттік қызмет көрсету фактілері;
- 86 мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін (бизнес-процестерін) бұзу фактілері;
- 273 Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері.
"Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық түрде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны www.egov.kz, www.elicense.kz. барлығы – 17 (Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу, алдағы құрылыс учаскесінің астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқтығы немесе маңыздылығы туралы қорытынды беру, жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту, негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру) жауапты тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша 59 ұсыныс әзірленді.
Бұдан басқа, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндіру іс – шараларының жалпы саны – 1529 құрады, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту - 561590 адамды құрады. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан қызмет көрсетуге жауапты 34 адам өтті.
Жалпы, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша жұмыс одан әрі жалғасатырылатын болады.