Меню

Страницы

Статья

Талғар ауданында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың 15-маусымында Талғар ауданында Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа прокуратура өкілі, облыстық комиссия мүшелері, аудандар мен Қонаев қаласы әкімдерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым төрағалық етті.

Күн тәртібінде:

  1. Ауылдық және қалалық жерлерде тұратын балаларды, «тәуекел тобындағы» балаларды қосымша біліммен, спорт секцияларымен және үйірмелермен қамтамасыз ету туралы;

  2. Кәмелетке толмағандар арасында алкоголизмнің, есірткі, уытты, өзге де психотроптық заттарды қолданудың алдын алу бойынша қабылданатын шаралар туралы;

  3. 2023 жылғы 5 айдағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жай-күйі туралы;

  4. Ішкі істер органдарының қолайсыз отбасыларды және оларда балаларды анықтау және есепке алу мәселесін қарау;

  5. Облыс аумағындағы инфрақұрылымдардың жазғы маусымға дайындығы туралы мәселелер қаралды.

Жиында алғашқы болып облыстық білім басқармасы басысының орынбасары Гүлсара Тастандықызы Исағұлова Насымжан Жамбекқызы «Ауылдық және қалалық жерлерде тұратын балаларды, «тәуекел тобындағы» балаларды қосымша біліммен, спорт секцияларымен және үйірмелермен қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасады. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары М.Қалиасқаров, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының басшысы Н.Теңізбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Л.Ақтаева, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Д.Нұрманов баяндама жасады.

 

Дата публикации
15 июня 2023
Дата обновления
15 июня 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы