Алматы облысының бюджеті 147 (1-меншікті-облыстық, 9-аудандық, 1-облыстық маңызы бар қала және 136 ЖӨБ) дербес бюджеттерден (немесе 21-НҚА-дан) қалыптастырылады. Облыс бойынша 255 бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қызмет етеді.
ҚР БК 31, 67-1-баптарына және ҚР АҚДМ-нің 30.04.2021 жылғы «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын (бюджеттік бағдармаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» №149 бұйрығына сәйкес ББӘ 15 мамырға дейін ресми интернет-ресурстарда, сондай-ақ «Ашық бюджеттер» порталында бюджетті қалыптастыру сатысында бюджеттік бағдарламалар жобасын және азаматтық бюджетті әзірлейді, орналастырады.
Барлық мемлекеттік мекемелерде электроды цифрлық қолтаңбасы бар жауапты тұлғалар бекітілген.
Ағымдағы қаржы жылында аудандық және облыстық деңгейдегі барлық 255 ББӘ «Ашық бюджеттер» порталында 1866 бюджеттік бағдарлама жобасын және «Азаматтық бюджет» бөлімінде жоспарлау бойынша 266 материалды уақтылы орналастырды.
Ресми интернет-ресурстарда 2024-2026 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалар жобаларын жария талқылаудың басталуы туралы хабарландырулар 100% орналастырды.
Ағымдағы қаржы жылында облыс бюджеті 2-рет нақтыланды.
Меншікті-облыстық бюджет бойынша жүргізілген нақтылаулар бойынша әзірленген Азаматтық бюджет Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау сайтында орналастырылған.