17 мамыр Дүниежүзілік гипертониямен күрес күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, дүние жүзінде 30-79 жас аралығындағы 1 миллиардтан астам ересек адам гипертониямен ауырады, олардың көпшілігі табысы төмен немесе орташа елдерде тұрады. Гипертониямен ауыратын ересектердің шамамен 46% -ы бұл жағдайдың бар екенін білмейді. Гипертониямен ауыратын науқастардың жартысынан азы (42%) диагностикамен және емдеумен қамтылған.
ҚР Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының мәліметтері бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары ең көп таралған ауру болып табылады, әрбір 12 тұрғын артериялық гипертензиямен ауырады.
Қан қысымы тәуекел факторлары бар адамдарда жоғарылайды: тұзды, майлы тағамдарды, алкогольді шамадан көп пайдалану, стресстік жағдайлар, жоғары холестерин, темекі шегу, төмен физикалық белсенділік, ауырлататын тұқым қуалаушылық.
Дүниежүзілік артериялық гипертензияға қарсы күрес күнін мерекелеу гипертонияның алдын алу бойынша жүйелі шаралардың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру үшін үлкен маңызға ие.
Осылайша, медицина қызметкерлері облыстың 15 мыңнан астам тұрғынын қамтыған 307 шара ұйымдастырып, өткізген.