Меню

Страницы

Статья

2023 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы

Алматы облысындағы қоғамдық-саяси ахуал туралы

Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы Қазақстан халқының мемлекеттілігі мен бірлігін қамтамасыз етуге, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға, халықтың азаматтық белсенділігі мен жағымды әлеуметтік көңіл-күйін қалыптастыруға, азаматтық қоғам институттарын қолдау мен дамытуға, аймақтағы ұлтаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. 

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал тұрақты бақылауға алынып, әлеуметтік шиеленіс ошақтары анықталып, оларды оқшаулау бойынша дер кезінде шаралар қабылдануда.

          Сайлау кезеңінде және сайлаудан кейінгі кезеңде әлеуметтік желілер мен барлық интернет-ресурстарға мониторинг күшейтілді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың сайлау белсенділігіне тәулік бойына талдамалық шолу жүргізілді. Сайлау кезеңінде анықталған теріс жарияланымдар бойынша жұмыстары атқарылды.

Есепті кезеңде жұмыстар бекітілген Алгоритмге және мемлекеттік рәміздер жөніндегі облыстық комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес жүргізілді.

Бірінші тоқсан бойынша әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижелері негізінде 651 теріс жарияланымдар анықталды: тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы – 262, жол және көлік – 310, ауыл шаруашылық, жер экология -12, денсаулық сақтау – 20, білім беру – 36, әлеуметтік -3,  жергілікті атқарушы органдардың іс-әрекеті бойынша – 8.

         Рұқсат етілмеген митингілер мен шерулердің алдын алу мақсатында тұрақты іс-шаралар жүргізілуде, есептік кезеңде 12 митингтер мен пикеттер өткізуге хабарламалар түсті, оларға  жергілікті атқарушы органдар тарапынан   заңнамаға сәйкес жауаптар берілген.

Газдандыру, ауыз сумен қамту, электр қуатын өшіру, қоқыс полигондарының қызметіне қатысты облыс тұрғындарының наразылық жиындары өтті.

          Анықтама үшін: 1 тоқсан бойынша аудандарда азаматтардың 64 жиыны өтті (Іле – 7, Қарасай – 23, Талғар – 12, Еңбекшіқазақ – 10, Жамбыл-4, Қонаев қ.-8.).

Жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы күшейтілді.

«ДВК/Көше партиясы» белсенділері (31 адам), «Қаңтар оқиғасы» құрбандарының туыстары (4 отбасы), ұлттық патриоттар (10 адам) және наразылық танытатын азаматтық белсенділердің (барлығы 22 адам) қызметі  бақылауға алынды. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп олардың деструктивті әрекеттерін алдын-алу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Сайлауалды кезеңіне  кері әсерін тигізетін коммуналдық, тұрмыстық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелердің алдын алу шаралары қабылдануда.

Облыстың қала маңындағы аудандарында (Қарасай, Іле, Талғар және Алматы қалалары) саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында Алматы қаласы мен Алматы облысы әкімдіктерінің ағымдағы қоғамдық-саяси жағдайға бірлесіп ден қоюға мүмкіндік беретін бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді.

Ішкі саясат басқармасын сараптау қызметімен қамтамасыз етуді «Талдау және болжау орталығы» КММ жүзеге асырады.

Анықтама үшін: Жүргізілген зерттеулер бойынша: 1 онлайн сауалнама және 2 социологиялық зерттеу жүргізілді, оған 3382 респондент қатысты.

Қамтылған тақырыптар төмендегідей:    

  1. Сандық сауалнама - 2023 жылдың 20 қаңтарында Талдау және болжау орталығы КММ «Қонаев қаласындағы қоғамдық көлік қызметінің сапасы туралы» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнама сандық әдіспен жүргізілді, оған Қонаев қаласының тұрғындары, 277 адам қатысты.

  2. Сандық сауалнама - Ағымдағы жылдың 6-13 ақпан аралығында «Талдау және болжау орталығы» КММ Алматы облысы тұрғындарының ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы туралы хабардар болу деңгейін білу үшін сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Алматы облысының тұрғындары 1008 адам қатысты. Зерттеу барысында анкетаны қолдану әдістері жүргізілді.

  3. Онлайн-сауалнама Алматы облысы тұрғындарының ҚР Парламенті Мәжілісінің, облыстық және жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы туралы хабардар болу деңгейін білу үшін. Сауалнамаға 2097 адам қатысты. Сауалнама Алматы облысының аудандары бойынша жүргізілді.

         Орталық қаңтар айынан бастап аудан, Қонаев қаласы әкімдіктері мен басқармалардың теріс жарияланымдар бойынша жұмысына апта сайын рейтинг жүргізіп, әлеуметтік желілерде оларға жауап беру туралы жұмыстарды ұйымдастыруда.

 

Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі -  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы

Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы «Қоғамдық келісім» КММ-мен I тоқсанда облыс бойынша 350-ге жуық іс-шара ұйымдастырып,  барлық іс-шараға 50000-нан астам адам қамтылды.

          Алматы облысында 105 этнос тұрады. Облыс көлемінде барлығы                    36 этномәдени бірлестік бар. Олардың 24  тіркелген, 12 тіркелмеген этномәдени бірлестіктер болып табылады.

          Облыстық этномәдени бірлестіктер – 10, Аудандық – 22 (12 –тіркелген, 10 тіркелмеген). Қалалық этномәдени бірлестік – 4 (2- тіркелген, 2- тіркелмеген). Алматы облысының этномәдени бірлестіктері мен орталықтары I тоқсанда: 62 іс-шара ұйымдастырып (4 облыстық, 13 аудандық, 3 қалалық), 1234 адам қамтыды. 

          Аналар кеңесі:

          Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері – 1 облыстық (15 мүше), 1 қалалық – (11 мүше), 9 аудандық – (66 мүшесі), 138 ауылдық округтерде – (846  мүшесі) бар. Жалпы 149 Аналар кеңестері құрылған (мүшелерінің саны –923).

          I тоқсанда 120-ға жуық шара ұйымдастырылып, 10 000 - нан астам адам қамтылды.

          Ақсақалдар  кеңестері:

          Алматы облысында 141 Ақсақалдар кеңестері жұмыс жүргізуде. Оның  ішінде, 1 облыстық, 1 қалалық, 9 аудандық, 130  ауылдық  деңгейде Ақсақалар кеңестері жұмыс істейді. Мүшелер саны 837 адам.

          Ағымдағы жылдың І тоқсанында барлық Ақсақалдар кеңестері облыс бойынша  495 адам қамтылған әр түрлі деңгейдегі 25 іс-шара өткізді, Олар:  әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға,  жетімдерге көмек көрсету және т.б. іс-шаралар өткізді.

          Медиация саласына сәйкес 1-қалалық, 1-аудандық, сотқа дейін -18 медиатор тіркелген.

          Қонаев қаласы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Медиация кабинетінің «Ашық есік күні» акциясы өтті. Қоғамдық медиаторлар медиация саласы бойынша көмекке жүгінген азаматтарға консультация берді.   25 ақпанда Қонаев қаласы қалалық саябақта «Қазақстанның орыс, славян, казак қауымдастығы» ЗТБ Алматы облысытық филиалының ұйымдастыруымен «Масленица – қысты шығарып салу»  халықтық серуені ұйымдастырылды.

          1 наурыз алғыс айту күнін атап өту бойынша кешенді жоспар жасалып, 10 күндік жарияланды. Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, жастар, қоғамдық ұйымдар, этномәдени орталықтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында «Бір ұлт. Бір мақсат. Бір құндылық» тақырыбында шешен, күрд, орыс, тәжік, корей, ұйғыр этномәдени орталықтары мәдениеттерін, дәстүрлерін дәріптейтін қолөнер шеберлерінің және ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырды. Шараға жалпы 200-ден аса адам қамтылды.

          Қайырымдылық қызметі:

          Жалпы 2023жылдын I тоқсанында: 429 – жеке тұлғаларға, оның ішінде  250 – аз қамтылған отбасыларға, 4 - мүгедек, 11 – жалғыз басты қарт адамдарға – 6 млн. 365500 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

          «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында Алматы облыстық  ҚХА мүшелерімен этномәдени бірлестіктерінің үйымдастыруымен Түркия еліндегі жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен бауырлас халықтарға  көрсетілген гуманитарлық көмек бойынша: 28 331 100 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді, және де 16 жүк көлік (фура) гуманитарлық көмек жіберілді. Сонын ішінде: Түрік «Ахысқа» этномәдени орталығының жетекшісі Гвиняшев Рафик Яшаоглы өз атынан  507000 теңге жиберді.Ұйғыр этномәдени орталығы азық –түлік,киім-кешектен басқа Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының жеке счетіне 1.005.000 теңге жіберілді. Тәжік этномәдени бірлестігі сбор ашты, 1 342 000 тенге 25 сағат ішінде жиналды.Сонымен қатар этномәдени орталықтардан атап айтқанда түрік, күрд ЭМО - нан гуманитарлық және қаржылай көмек жіберілді (күрд ЭМО 980 мың теңге).

          Еріктілер қызметі:

          Аталған кезеңде Алматы облысының «Қоғамдық келісім» жанындағы Еріктілер орталығы 539 адамды қамти отырып, 17 іс – шара өткізді. 2023 жылдың басында еріктілер қозғалысының белсенді мүшелерінің саны – 380 адам құрады.

    

Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы

Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес Алматы облысында 373 үкіметтік емес ұйым (253 Қоғамдық бірлестік, 120 Қоғамдық қор) тіркелген және қызмет атқарады.

Өңірдегі ҮЕҰ қызметінің негізгі бағыттары: халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғау, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту және т.б.

Бүгінгі күні облыстағы ҮЕҰ-ны дамыту мен олардың өзара іс-қимылының негізгі тетігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс болып табылады.

2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру үшін 62 млн. теңге қаржы қарастырылуда.

Қазіргі уақытта МӘТ тақырыптары қалыптастырылып, конкурс өткізу  жоспарлануда.

Ақпараттық сүйемелдеу туралы

2023 жылдың 1 тоқсанында облыста 23   бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген, оның ішінде 18  мерзімді баспа басылымдары  (15 газет, 3 журнал), 1  радио, 2 интернет БАҚ, 1 кабельдік телеарна, 1 әлеуметтік басылым.        

Сайлау кезінде ақпараттық жұмысты үйлестіру үшін облыстық ақпараттық штаб жұмыс істеді. БАҚ, әлеуметтік желілер, Интернет-ресурстарға мониторинг жүргізілді. Халықтың сайлау белсенділігін арттыру мақсатында кең ауқымды ақпараттық-идеологиялық жұмыс жүргізілді.

Барлық ақпараттық ресурстар (ТРК, баспа басылымдары, интернет ресурстар, әлеуметтік желілер) жұмылдырылды, республикалық БАҚ, ақпараттық агенттіктер тартылды.

Сайлау күніндегі негізгі оң ақпарат жетекшілері: ҰОС қатысушыларының, аймақтың ұзақ өмір сүрушілерінің, көп балалы аналардың, жас жұбайлардың дауыс беруі, ретро автомобильдер шеруі, «барыстың» дауыс беруі және т. б.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы халықты ақпараттандыру бойынша кең ауқымды жұмыс жүргізіліп, 10 мыңнан астам материал жарық көрді. «Жетісу» телеарнасында 461 сюжет, баспа БАҚ-та 500-ден астам мақала, интернет-ресурстарда 7260-тан астам материал, әлеуметтік желілерде 9000 жарияланым, радиода 426 аудиролик орналастырылды.

Сайлау алдындағы сүйемелдеуді ұйымдастыру шеңберінде аумақтық сайлау комитетінің желісі бойынша дауыс беру күні туралы ақпараттық сипаттағы 236 баннер, саяси партиялардың 377 үгіт баннері ілінді. БАҚ мониторингінің нәтижелері бойынша барлық саяси партиялардың үгіт-насихат жұмыстары біркелкі жариялануда. Үгіт-насихат плакаттарын орналастыру үшін 200-ден астам орын анықталып, 60 000-нан астам ілінді. Сайлау күні  30 республикалық сайттарға, 300-ден астам облыстық сайт, инстаграм парақшаларына мәліметтер, 20 000-нан астам сілтеме шықты. 47 бейнеролик, 53 афиша жарияланды.

 20-22 наурыз аралығында интернет-ресурстарда сайлаудың ашықтығы және әділ өткендігі туралы бейнежазба, афиша дайындалып, 700-ге жуық сілтеме жиналды.

Сарапшыларды, қоғамдық ұйым өкілдерін, байқаушыларды тарта отырып, сайлау науқанының қорытындыларын талқылау төңірегінде оң ақпараттық фон қалыптастыру бойынша әлеуметтік желілерде сайланған кандидаттарды қолдау мақсатында 1229 материал шықты, сонымен қатар сайлау науқанының қорытындылары туралы 2150 сілтемелер орналастырылды.

Ұйымдастыру жұмысы бөлімі

Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты жүйелі түрде жүргізу, өткізілетін шаралардың саяси-идеологиялық бірегейлігіне қол жеткізу мақсатында мемлекеттік ұлттық мерекелер, қоғамдық-саяси маңызды іс-шаралар  жоспарланып, іске асырылуда.

Өңірде ішкі саясат саласындағы жұмыстарды жоспарлау, ұйымдастыру, жүйеге келтіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы бағытта Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының 2023 жылға арналған іс-қимыл жоспары әзірленіп, бекітілді. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына  «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»  атты  Жолдауын халық арасында түсіндіру бойынша «оқиғалар қатары» қалыптастырылды және оның іске асырылуы  қамтамасыз етілуде.

8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жоспар әзірленіп, іске асырылды.   Облыс көлемінде 300 000-нан астам әйелдер, қыздар қауымының қатысуымен 500-ден астам салтанатты қабылдаулар, кездесулер, аса түрлі мәдениет шаралары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өңірлік жоспар дайындалды. Жоспарға сәйкес барлық елді мекендерде мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігіне маңызды қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралар жоспары апта сайын жолдануда.  

Күнделікті жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу, «e-Otinish» ақпараттық жүйесінің жұмысын  іске асыру қамтамасыз етілуде. Жыл басынан 50 өтініш келіп түсіп,  уақытында жауаптары берілуде. Қазақстан Республикасы бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Алматы облысы бойынша басқармасына және Алматы облысы әкімі аппаратының азаматтардың өтініштерін қарауды бақылау бөліміне жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштері бойынша апталық, айлық, тоқсандық есептер берілуде.  

Басқармада құжат айналымы бойынша барлығы 528 кіріс құжат, 516 шығыс құжат тіркелді. 

Басқарманың ресми сайтына, әлеуметтік желілерге атқарылған жұмыстар бойынша ақпараттар тұрақты түрде орналастырылуда.

Жастар саясаты және азаматтық бастамаларды қолдау бөлімі

Алматы облысында 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны – 422 428 адамды құрады.

Облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 2023 жылы жалпы 458,8 млн.теңге қарастырылған.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 61,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 36 млн.теңге жастар саясатын дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінді.

Алматы облысында 1 облыстық (штат саны - 24)  9 аудандық жастар ресурстық орталықтары (штат саны - 45), 123 ауылдық округте әдіскер нұсқаушы жастар саясатын жүзеге асыруда.

2022 жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 6,9%-ды немесе 15-28 жас аралығындағы жастар санынан (232 307 адам) немесе 16110 адамды құрады,  олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған.

Облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда.

Осыған сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әдіснамасы негізінде «NEET-жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесі әзірленіп, нәтижесінде 803 жас тіркелді (әрбір ауылдық округтің, ауылдың үйлерін аулалық аралау нәтижелері бойынша).

Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастардың бастамаларын қолдау және NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бөлімі» құрылды.

Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Жоспар шеңберінде салалық басқармалармен бірлесіп NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстың жаңа форматы қалыптастырылды. Атап айтқанда, жоспарға келесі іс-шараларды іске асыру енгізілді:

Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы 150 млн. теңге бөлініп, 1365 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды.

Өңірлік деңгейде облыс әкімінің қолдауымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы іске асырылуда. Осы мақсатқа 15 млн. теңге бөлінді. 2022 жылы 5 бағыт бойынша 1 млн.теңгеден 15 грант тағайындалды.

Облыста жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау жастары» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру үшін 60 жас азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 600 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі шарттары: 0% - бастапқы жарна, 5% - қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кредит мерзімі 25 жылға дейін. 1-30 қараша аралығында құжаттар қабылданды. Барлығы 1374 өтініш түсті.

2023 жылы бұл мақсатқа 3,6 млрд.тенге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында облыс әкімі М.Е.Сұлтанғазиев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлерімен кездесіп, 1 млн. теңгеден сертификаттар табыстады (Барлығы 15 млн.тенге).

Шара туралы жарияланымдар өңіріміздің БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде кеңінен насихатталды.

27 қаңтар күні ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі А.М.Омарова Алматы облысында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

16 ақпанда облыс әкімдігінде Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Алматы облысындағы ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

20 ақпанда облыс әкімдігінде Алматы облыстық Қоғамдық кеңес отырысы өтті. Шараға облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты. Отырыс аясында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

Сондай-ақ Қонаев қаласында «Кинорум» жобасы өтуде. Жоба аясында жастарға қазақ тарихын салт-дәстүрін, ақын-жазушыларын, батырларын насихаттау мақсатында тегін кино көрсетілімдер жалғасуда.

Атап айтсақ, волонтерлік бағыт бойынша («Ардагерлерді ардақтайық» атты қайырымдылық, экологиялық акциялар) 113 акция, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды, жобаларды ақпараттық түсіндіру бойынша 67 шара ұйымдастырылды.

Алматы облысында алғаш рет «АВТО-ВОЛОНТЕР» клубы ашылды. Құрылтайшысы - жастар ресурстық орталығы мен өңірдің белсенді жастары. Жаңадан іске қосылған ұйым жұмысы қасиетті Рамазан айымен тұспа тұс келді. Сондықтан еріктілер өңірдегі мұқтаж жанұяларға ауызашар берді. Азық-түлік толы дорбалар әрбір үйге жеткізіліп, қайырымдылық шарасы аясында Қонаев қаласындағы 70 отбасы мүшелері қамтылды. Игі бастама жергілікті кәсіпкерлердің қаржылай қолдауы аясында жүзеге асты.

Сонымен қатар, 2023 жылы бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарланды. Жастарды әлеуметтендіру және қолдау мақсатындағы «Кеңес орталығы» жобасы мемлекеттік бағдарламалар мен мемлекет тарапынан ұсынылған өзге де қолдаулар туралы ақпараттандырылатын платформаға айналады.

 «Jana qadam», «Ақпаратты Қазақстан», «САМҒАУ», «Жас кәсіпкер», «Менің болашақ мамандығым» жобалары жастарды бизнес дағдыларына үйрету, кәсіпкерлікті дамытуға, талантты жастарды қолдау, өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жастар арасында еріктілік қызметті дамыту, экологиялық мәдениетті нығайту және «Жас саясаткер мектебі» жобаларын жүзеге асыру қарастырылған.

 

 «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасын жүзеге асыру бағытында жүргізілген жұмыстар

2023 жылдың  I-тоқсан бойынша өңірде «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыруға бағытталған 117  іс-шаралар мен жобалар ұйымдастырылды.

«Туған жер» арнайы жобасы аясында 17 148  адамның қатысуымен 11  іс-шаралар ұйымдастырылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ  тіліндегі  100 жаңа оқулық»  арнайы  жобасы аясында 1296  адамның қатысуымен 4 іс-шара ұйымдастырылды.

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен көшуі» арнайы жобасы бойынша 4856   адамның қатысуымен 5  іс-шара ұйымдастырылды.

«Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында 63 487  адамның қатысуымен 30  іс-шара ұйымдастырылды.

         «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі» арнайы жобасы аясында 13875  адамның қатысуымен 5   іс-шара ұйымдастырылды.

«Қазақстанның киелі жерінің географиясы» арнайы жобасы аясында 2965  адамның қатысуымен 1  іс-шара ұйымдастырылды.

  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында 23 845  адамның қатысуымен 15  іс-шара ұйымдастырылды.

          «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жобасы 12 979   адамның қатысуымен 21  іс-шара ұйымдастырылды. Қонаев қаласы бойынша өткен іс-шараларға жұмсалған қаржы сомасы 1 430 000 (бір миллион төрт жүз отыз мың) теңге.

  «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы аясында 6722  адамның қатысуымен 3  іс-шара ұйымдастырылды.

 «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында 24 387 адамның қатысуымен 20  іс-шара ұйымдастырылды. Қонаев қаласы бойынша өткен іс-шараларға жұмсалған қаржы сомасы 1 910 000 (бір миллион тоғыз жүз он мың) теңге.

«Құқықтық мәдениет» арнайы жобасы аясында 1236 адамның қатысуымен 2 іс-шара ұйымдастырылды.

Әлеуметтік желілерде, облыстық, аудан және қалалық сайттарда, интернет-ресурстарда 117 ақпарат жарияланды. «Facebook», «Instagram», «ВКонтакте» әлеуметтік желілеріндегі «Qonev_akimdigi» және «Qonaev_qapshagay» пабликтерінде жарияланған мақалаларға желі пайдаланушылар оң пікірлерін қалдырған. «Қоғамдық даму орталығы» КММ әлеуметтік желілерінде – Instagram (5895 оқырман), ВКонтакте (6380 оқырман) және Facebook (1120 оқырман) ақпараттар бейнехостингтегі Youtube арнасында үнемі жаңартылып отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

Дата публикации
29 мая 2023
Дата обновления
29 мая 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
19 октября 2026
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижелері бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдар тізбесі
Ақпарат
19 октября 2026
Нақты

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы