Меню

Страницы

Статья

Fingramota.kz «Осы айдың кеңесі» тұрақты айдарын жалғастырады

Маусымда баспасөз беттерінде қаржылық алаяқтық туралы мақалалар жиі жарияланды. Мәселен, өткенде Қазақстанда өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдап келген әйел ұсталды. Сонымен бірге азаматтардың ұтымды шарттармен микрокредит алуына уәде берген ер адам ұсталды. Ол қызметінің орнына жеке куәліктің және банк картасының екі жағының суретін жіберуді сұраған.

Қаржы алаяқтары бір мақсатқа қол жеткізу – пайдаланушының дербес деректерін алдап алу үшін түрлі қулықтарға барады. Ол ЖСН, төлем картасының немесе шоттардың деректері, CVV/CVC код, SMS-хабармен келетін код, тіпті электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ). Осы деректерді алғаннан соң алаяқтар картадағы немесе шоттағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыра алады.

Алаяқтар өздерін қарыз алушыларға қаржы ұйымының, оның ішінде банктің қызметкері ретінде таныстырып, кредит мерзімін кейінге қалдыру, қарыз, «жеңілдікпен» ипотека ресімдеу және т.б. қызметтерді ұсынып хабарласуы мүмкін.

Назар аударыңыз! Банк қызметкерлері карта бойынша деректерді ұсынуды немесе SMS-хабарламадан кодты айтуды талап етіп ешқашан клиентке бірінші болып қоңырау шалмайды. Бұл мәселелер бойынша клиент қана бірінші боп бастама көтереді.

Біздің кеңесіміз: «Бейтаныс адамдарға және тексерілмеген ұйымдарға өз ақшаңызды сеніп тапсырмаңыз және өзіңіздің жеке деректеріңізді жария етпеңіз!».

Төлемдерді растау үшін пайдаланылатын парольдерді, кодтарды немесе өзге конфиденциалды деректерді ешқашанда ешкімге хабарламаңыз. Заманауи қауіпсіздік жүйелері парольдер және кодтар басқа адамдарға берілмейтіндей етіп жасалады. Дербес деректеріңізді, әсіресе PIN-кодты, CVV-кодты (картаның сырт жағындағы үш мәнді нөмір) ешкімге жария етпеңіз. Белгісіз немесе күдікті мекенжайларда алынған электрондық хаттарды ашпаңыз, электрондық пошта бойынша, әлеуметті желілер немесе SMS-хабар бойынша күмәнді дереккөздерден жіберілген сілтемелерді қарамаңыз.

Fingramota.kz мұқият болуды және алаяқтардың құрығына түсіп қалмауды ескертеді!

 

Дата публикации
05 июня 2020
Дата обновления
05 июня 2020
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы