Мамыр айында «Біз, темекісіз Қазақстанды таңдаймыз!», «Өзіңді туберкулезден қорға!», «Денсаулық апталығы», «Денсаулықтың алтын ережелері», «Вакцинацияға – ИӘ!», «Сау болу сәнді!», «Қан қысымын бақылау, өз өміріңді басқару!», «Қауіпсіз өмір!» Ұлттық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде 30 іс-шара ұйымдастырылып, 791 адам қамтылды.
Облыстық «Жетісу» газетінде, «Кәсіпкер» журналында 13 мақала жарияланды.
Артериялық қан қысымын, туберкулездің, темекі шегудің алдын алу бойынша баннерлік жарнама дайындалып, NUR.kz интернет-порталында жарияланды.
Ұялы байланыстың 37 500 абоненттеріне Ватсап-хабарламалар жіберілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының сайттарына, әлеуметтік желілерге, ютуб каналға СӨС қалыптастыру аспектілері бойынша 62 ақпарат, инфографика және бейне құралдар жарияланды.
«Русское радио Азия» эфирінде және «Жетісу» ТК-да «Жарақаттанудың алдын алу», «Жүрек қан-тамыр ауруларының алдын алу», «Дене белсенділігін насихаттау», «Темекі шегудің алдын алу», «Мінез-құлық қауіп-қатер факторларының алдын алу», «Ұрпақты болу денсаулығын қорғау» бойынша аудио/бейне роликтер көрсетілді, жалпы шығарылым саны 969.