Вакцинация – денсаулық сақтауда ең үлкен жетістіктерінің бірі. Дүниежүзінде инфекциялармен күресудегі ең тиімді, үнемді және қолжетімді құрал ретінде танылды.
2023 жылы Еуропалық иммундау апталығы (24-30 сәуір) «Ауқымды толық иммундау!» ұранымен өтіп, келесі негізгі хабарламаларға назар аударды:
- «Әрбір доза маңызды»
- «Уақыт маңызды»
- «Вакцинация туралы айтыңыз»
- «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 75 жылдығы».
Жыл сайынғы екпенің нәтижесінде 3 миллионға жуық бала өлімнен құтқарылды, 750 мыңнан астам бала мүгедектіктен құтылады.
Жаппай вакцинациялау – ұлт денсаулығын сақтаудың қажетті шарты. Иммундау маңыздылығы туралы хабардарлықты арттыру арқылы Дүниежүзілік иммундау апталығының іс-шаралары вакцинациямен қамтуды ұлғайтуға және сайып келгенде, кез келген вакцинамен басқарылатын аурудың таралуын болдырмауға бағытталған.
Денсаулық пен әл-ауқат үшін иммунопрофилактиканың маңыздылығы туралы халықтың назарын аудару және хабардарлығын арттыру мақсатында медицина қызметкерлері облыстың 29 мыңнан астам тұрғынын қамтыған 600-ден астам түрлі іс-шара өткізді.