2018 жылғы 18 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО 042/2017 ТР) «Балалар ойын алаңдарын жабдықтаудың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті күшіне енді.
ЕАЭО 042/2017 ТР балалар алаңшалары үшін жабдықтардың және (немесе) жамылғылардың қауіпсіздігіне және жобалау, өндіру, монтаждау, пайдалану, сақтау, тасымалдау және жою процестеріне қатысты талаптарды белгілейді.
Техникалық регламент адамның өмірі мен денсаулығын, меншікті, қоршаған ортаны қорғауға, жаңылыстыратын әрекеттердің алдын алуға арналған. Құжатта «жас тобы», «балалар алаңы», «балалар қалашығы», «жабдықтардың және (немесе) жамылғылардың өмірлік циклы», «құлау аймағы», «қону аймағы», «құлаудың биіктігі», «белгіленген биіктік» және т.б. ұғымдары анықталған. Мысалы: жабдықтармен бірге пайдаланылатын өлшемі жанасу аймағынан кем емес ойын алаңының бір бөлігін «жабу» десе «пайдаланушы» - бұл жабдықты және / немесе жабындыны мақсатына сәйкес пайдаланатын бала және оны қарайтын адам.
ЕАЭО ТР 042/2017 V тарауында жобалау талаптары, жабдық пен жабынның жұмысы кезіндегі қауіпті жою үшін қажетті параметрлер сипатталған.
Жабдықтар мен оның элементтері балалардың жас тобына сәйкес келетін, ойнау кезіндегі ықтимал қауіпы балаға оңай танылатын, бақылап отырған адам балаға көмек көрсететін дей, судың, кір мен қоқыстар жиналуын болдырмау, шаңнан оңай тазартуды қамтамасыз ететін болу керек. Сондай ақ, платформалардың, жүру жолдары, өткелдердің және баспалдақтардың беті ауа-райының барлық жағдайларында сырғып кетуден қорғалған түрде жасалуы керек.
Белгіленген қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін жабдықтың техникалық жағдайына қарамастан жабдықтың жұмысы тоқтатылуы керек.
Балалар ойын алаңында пайдалану ережелері мен бірге жас топтары (жасына және салмағына байланысты шектеулер), құтқару, жедел жәрдем және жабдықтың істен шығуы кезінде хабарласатын телефон нөмірлері, ақпарат кестесі ретінде орналастырылуы қажет.
Жабдықтардың қауіпсыздігін растау Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес сертификаттау немесе сәйкестік туралы декларация түрінде жүзеге асырылады.
ЕАЭО ТР 042/2017 «Балалардың ойын алаңдарын жабдықтаудың қауіпсіздігі туралы» талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) ЕАЭО мүше мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
ЕАЭО ТР 042/2017 нормаларын түсіндіру үшін Алматы облысы, Талдықорған, Қаблиса жырау көшесі, 69, «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ мекен-жайы бойынша хабарласуға болады.