Меню

Страницы

Статья

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы

Ағымдағы жылдың 19-сәуірінде Жамбыл ауданында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Ж.Оспанованың қатысуымен Алматы облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Жамбекқызы Оспанова, балаларға құқықтық және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету басқармасының басшысы Жиренбай Ержан Сапарұлы, облыс прокурорының орынбасары, облыстық комиссия мүшелері, аудандар мен Қонаев қаласы әкімдерінің орынбасарлары, БАҚ өкілдері қатысты.

Комиссия отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы Әбдірахым төрағалық етті.

Күн тәртібінде:

  1. Кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік жағдайларының алдын алу, суицидтік және девиантты мінез-құлық, киберқауіпсіздік пен киберқылмыстан қорғау жөніндегі шаралар туралы;

  2. Мектеп психологтарының жұмысының тиімділігі туралы;

  3. 2023 жылғы 3 айдағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Жиында алғашқы болып Насымжан Жамбекқызы «Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті және әлеуметтік мінез-құлықтың алдын алу шаралары» тақырыбында баяндама жасады. 

Сондай-ақ, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры А.Қалиев, облыстық білім басқармасының басшысы С.Беспаева, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Л.Серікбаева, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Р.Атшабаров, Талғар ауданы әкімінің орынбасары А.Бидаев баяндама жасады.

Дата публикации
20 апреля 2023
Дата обновления
20 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
20 октября 2026
5 region.kz
Ақпарат
20 октября 2026
Қара дала
20 октября 2026
9 ай қорытындысы бойынша анықтама

Социальные медиа

zhetysupress

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы